ДИКТОР: Ақмола облысында мықты волейболшылар анықталды. Көкшетауда 2011-ші-2012-ші жылдары туған спортшылар арасында аймақтың қысқы чемпионаты өтті. Жарыс «Kokshe Arena» спорт кешенінің залында ұйымдастырылды. Алаңда өңірдің әр ауданынан келген командалар кездесті. Бұл турнир тәжірибелі балғын спортшылармен қатар осы жолды енді ғана таңдағандарды да жинады.
РКС: Чемпионатқа 18 қыз бен 8 ұл қатысты. Ойын тартысты әрі қызықты өтті. Әр команданың тыңғылықты дайындықпен келгені көрініп тұр. Спортшылар ойынның техникасынан бөлек, командалық рухты да көрсетуге тырысты.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ЗАРА АХМЕТОВА, ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ: Чемпионатқа әр команда тыңғылықты дайындалып, өз деңгейлерін көрсетті. Бұл жерде жаттықтырушылардың еңбегін атап өткен жөн. Болашақта балалар Қазақстан чемпионатында бар өнерін салады деп ойлаймын. Мынадай алып спорт кешенінің ішінде біздің балалар сәл-пәл сасқалақтап қалды. Керемет ғимарат, алаң емін-еркін ойнауға мүмкіндік береді.
РКС: Целиноград ауданына қарасты Родина ауылының спортшылары жақсы нәтиже көрсетті. Ойынға қатысушылар қарсыластарының мықты болғанын айтуда.
СНХ: ӘЛІШЕР СҮЙІНҒАЛИЕВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ (ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ, РОДИНА АУЫЛЫ): Бірінші орынды жеңіп алдық. Зал керемет жабдықталған, қарсыластар оңай шағылатын жаңғақ емес екен. Қатты уайымдадық, соңында жеңіп шықтық.
СНХ: МӘЛИКА ЕРЛАНҚЫЗЫ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:/(КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ): Сәл қысқа чемпионатымыз аяқталды, бүгін соңғы күн бойы бүкіл облыстан күшті, күшті командалар келді, мықты, мықты. Біз полуфиналға шықтық, бүкіл командаларды подгруппаларымыздан жеңдік финалға Қорғалжын командасымен кездестік. Қорғаушы командасын екі ноль болып жеңдік чемпион болып атандық менің айтарым.
РКС: Ұлдар арасында Целиноград ауданының команласы бірінші орынды жеңіп алды. Степногорск қаласының спортшылары күміс, ал Бұланды ауданының командасы қола жүлдегер атанды. Қыздар арасында Көкшетау командасы жеңіске жетті. Екінші орында Қорғалжын ауданының спортшылары, ал Астрахан ауданының құрамасы қола жүлдені еншіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер естелік медальдармен және грамоталармен марапатталды.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ