ДИКТОР: Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде "AI SMART PARTNERSHIPS: SDG 17» қысқы академиясы ресми түрде басталды. Аталмыш жоба Азия мен Еуропадан келген сарапшылар үшін бірегей платформаға айналып отыр. Іс-шара мәдениетаралық диалогты және жаһандық цифрлық трансформация дәуіріндегі жаңа мүмкіндіктерді нығайтуға бағытталған.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Қысқы академия - әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттер, жас мамандар мен сарапшылар үшін білім беру және пікірталас алаңы. Қатысушылар цифрлық технологиялар дәуіріндегі халықаралық ынтымақтастық мәселелерін қарастырады. Сарапшылар мен делегаттар жасанды интеллекттің елдер мен ұйымдардың күш-жігерін біріктіретінін жан-жақты талқылады.

СНХ: ДИАНА ИСМАИЛОВА, АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАҺАНДЫҚ ӘРІПТЕСТІК ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ: Қысқы мектеп ақпанның 6-сына дейін жалғасады. Бұл мектептің ерекшелігі - жаһандық брендтің тұрақты дамуын насихаттайды. Біздің қысқы мектеп жасанды интеллект тақырыбында өтіп жатыр. Сондықтан тұақты даму мақсатында аймақ үшін көшбасшы деп айтар едім. Қысқы мектеп заман талабына сай цифрандырудың трендіне айналып келеді. Президенттің қойып отырған талабына сай. Яғни цифрландыру жылымен үйлеседі.

РКС: Индонезия, Венгрия, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Қазақстан елдерінің студенттері қысқы академияға белсене қатысуда. Олар осы аптаның ақпараттық және тартымды болатынына сенімді. Сондай-ақ, халықаралық деңгейде өзара тәжірибе алмасып, мемлекеттер арасында ынтымақтастықты нығайтып, цифрлық технологиялардың жаңа тәсілдерін зерттеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

СНХ: ЖАНЫЛ ӘБДІВАЛИЕВА, Қ.ТЫНЫСТАНОВ АТЫНДАҒЫ ЫСТЫҚКӨЛ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ (ҚЫРҒЫЗСТАН): Қырғызстан елінен келіп тұрмын. Мен бухгалтерлік есеп: талдау және аудит мамандығы бойынша экономика факультетінде оқимын. Қысқы мектеп енді ғана басталды, атмосферасы қазірдің өзінде ерекше сезіледі. Осы апта қызықты, әрі тиімді өтеді деген үміттемін. Сонымен қатар, жаңа адамдармен танысу мүмкіндігі де бар. Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысым шексіз.

СНХ: БОТОНД БЕНШИЧС, ОБУДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ (ВЕНГРИЯ): Мен осы университетте "Data Science" мамандығы бойынша оқимын. Қысқы мектептің аясында біз жасанды интеллект пен тұрақты дамуды зерттейміз Сонымен қатар, "Бурабай" ұлттық паркіне барамыз. Осылайша, өз дағдыларымды дамытып, біліміммен бөліскім келеді.

РКС: Олимп емханалық-диагностикалық зертханасы іс-шараның бас демеушісі. Компания қатысушыларға бар жағдайды жасап отыр.

СНХ: АЙЖАН ЕРДЕНОВА, "OLYMP ASTANA" ЕМХАНАЛЫҚ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Осы іс-шараға шақырып, қатысу мүмкіндігін берген ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Біздің заманымызда инновация, автоматтандыру және жасанды интеллектке негізделген технологиялар болашаққа апаратын жол деп сенеміз.

РКС: Академия аясында қатысушылар халықаралық сарапшылар тобымен жұмыс істей отырып, практикалық білім мен жаңа кәсіби дағдыларды игереді.

ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, КАРИНА СҮЛЕЙМЕНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ