ДИКТОР: Жануарлар дүниесін қорғау–тек браконьерлікпен күрес және заңсыз табиғат ресурстарын пайдаланудың алдын алумен ғана шектелмейді. Қысқы кезеңде жабайы аң-құстар үшін ең қиын уақыт. Осы мезгілде қорықшылар мен аңшылық шаруашылығының мамандары жануарлардың аман-есен қыстан шығуы үшін арнайы шаралар жүргізеді. Орман алқаптарында биотехникалық жұмыстар жүргізіліп, аңдарға қосымша азық беріледі, сондай-ақ түрлі аурулардың алдын алу шаралары күшейтіледі. Бұл табиғаттағы тепе-теңдікті сақтауға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі. Табиғат қорғаушыларының кезекті шарасымен тілшіміз танысып қайтты.
РКС: Көкшетау ауданаралық аңшылар мен балықшылар бірлестігіне шамамен 900 мың гектардан астам алқап бекітілген. Бұл аумақта 7 аңшылық шаруашылығы жұмыс істейді. Соңғы жылдары мұнда жануарлар санының тұрақты өсімі байқалады. Ол ең алдымен табиғатты қорғап, жануарларға қамқорлық көрсетіп жүрген қорықшылардың еңбегі.
СНХ: ШАЙМҰРАТ ШӘЙМЕРДЕНОВ, ҚОРЫҚШЫ: Жануарларды қоректендіру үшін қорықшылар аңшыларды тарта отырып 51 тонна азық жинады. Оның 27 тоннасы астық қалдығы, 24 тонна шөп. 3 мың сыпыртқы, 1200 келі тұз дайындалды. 113 тамақ салатын арнайы науа, 68 алаң мен 151 сортаң орнатылды. Осылайша жануарлар әлемін қорғау аң аулау ережесін бұзғандарды анықтау ғана емес, сонымен бірге жануарларға қолайлы жағдай жасау. Сондай-ақ жануарлар өлімінің алдын алуға және инфекциялық аурулардың таралуына жол бермеу мақсатында ветеринарлық шаралар да өткізіледі.
РКС: Аңшылар жыл сайын шаруашылық аумағында жүретін жануарлардан биоматериал алады. Бұл сынамалар арқылы қауіпті аурулардың бар-жоғы анықталады. Бұдан бөлек, жыртқыш аңдарға құтыруға қарсы екпе егіледі.
СНХ: ВИКТОР ЧМЕРЁВ, ҚОРЫҚШЫ: Біздің аңшылық шаруашылығымызда елік көп. Түлкі, қоян да бар. Жабайы шошқа, бұлан мен марал арасында өтеді. Қазір ауылдарға түлкі өте көп кіріп жатыр. Олардың арасында құтырғаны көп. Қазір солармен күресіп жатырмыз. Халық арасында мармеладка аталып кеткен осындай дәрілерді шашамыз. Бұл құтыруға қарсы вакцина.
РКС: Жануарлар әлемін олардың санын анықтамай тұрып қорғау мүмкін емес. Биыл шаруашылық аумағында қорықшылық қызметі ақпанның 1-нен бастап есеп жүргізуді бастап кетті.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ