ДИКТОР: Ақмола облысында бір айдың өзінде 60 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,7 процентке төмендеген. Бұл жүйелі алдын алу шаралары мен жолдардағы күшейтілген бақылаудың нәтижесі,-деп отыр полиция қызметкерлері.

РКС: Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі қолайсыз ауа райының салдарынан орын алып жатады. Осыған орай жол қызметінің мамандары тас жолдардың жағдайын ерекше бақылауға алып, қарды уақытылы тазалап, көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеп отырады. Полиция мен құтқару қызметі дауылды ескертулер мен жол қозғалысына қойылған шектеулер жайлы тұрғындарды алдын-ала ескертіп отырады.

СНХ: ДАНИЯР АМАНЖОЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Астана-Щучинск және Астана-Қарағанды тас жолдарында ауа райына байланысты жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін электронды 54 жол белгісі орнатылды. Ол ауа райы жағдайы нашарлаған кезде жылдамдық шегін тез реттеуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайды бақылап отыру үшін патрульдік қызметтің жұмысын күшейту шаралары қабылдануда. Сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қосымша шаралары мен жол картасын жетілдіру жоспары әзірленіп, бекітілді.

РКС: Өңірде заң бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу жүйелері жұмыс істеп тұр. Қазір аймақта станционарлық және мобильді 143 кешен бар. Мас жүргізушілерді анықтау үшін арнайы рейдтік шаралар жиі ұйымдастырылады. Тек қаңтар айының өзінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 608-бабы бойынша 160-тан астам жүргізуші жауапкершілікке тартылған. Профилактикалық іс-шаралар мен жолдағы тәртіп және көлік жүргізушілердің өздерінің жауапкершілігі қауіпсіздіктің негізгі факторы болып қала береді, - дейді полиция өкілдері.

ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ