ДИКТОР: Көкшетауда «Jas Star Talks» жастар жобасының ашылуы өтті. Іс-шара барысында спикерлер жас буынмен ашық форматта әңгімелесті. Олар өз өмір жолы, жетістікке жетудегі тәжірибесі мен кездескен қиындықтары туралы ойларымен бөлісті.
РКС: Аталған жоба жастардың өз ойын еркін жеткізуіне, тың идеяларымен бөлісуіне және қоғам дамуына белсене қатысуына мүмкіндік береді. Алдағы уақытта бұл бастаманың ауқымын одан әрі кеңейтіп, дамытуды көздеп отырмыз,- дейді ұйымдастырушылар.
СНХ: АҚБОТА НҰРБЕКҚЫЗЫ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АҚМОЛА АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МАМАНЫ: Жалпы бұл жобаны біз қазір Көкшетаудан бастадық. Алдағы уақытта ауылдық аймақтарға баратын ойымыз бар. Яғни осы спикерлермен және де болашақта тағы да басқа ұйымдар мен қозғалыстардың жетекшілерін бірге ала отырып, ауылдық аймақтардағы жастардың жаңа жобаға деген көзқарасын бұрғымыз келеді. Бұл, менің ойымша, 16-35 жас аралығындағы жастарға арналған. Менің ойымша, осы жоба арқылы біз әрбір жасқа көмегіміз тиеді деп ойлаймын.
РКС: Кездесу барысында блогерлер мен іс-шара жүргізушілері сөз сөйлеп, жеке бренд қалыптастыру мен өзін-өзі дамыту бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті. Кәсіпкерлер өз бизнесін идеядан нақты нәтижеге дейін жеткізу жолын баяндады. Сондай-ақ журналистиканың қоғамдағы ролі, ақпаратпен жұмыс істеудегі жауапкершілік және медианың жастар санасына ықпалы туралы кәсіби көзқарастар талданды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Отбасы құндылықтары тақырыбы да назардан тыс қалған жоқ. Шараға көкшетаулық интернационалды отбасы қатысып, мұндай жанұялардың қоғамдағы орны, өзара түсіністік пен келісімді сақтаудағы маңызы жөнінде ойларын ортаға салды.
СНХ: МӨЛДІР ЕНТАЛЬЦЕВА, «JAS STAR TALKS» ЖОБАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ: Бір-біріне құрметпен қарау, тілге, мәдениетке және салт-дәстүрге сыйластық таныту қажет. Менің ойымша, мұның бәрі Қазақстанның берік іргетасы. Ең алдымен адам өзін тәрбиелеуі керек, содан кейін ғана өзгелерге үлгі бола алады. Біз жастарға халықтар арасындағы достықты дәріптеп, дәстүр мен мәдениетті құрметтеудің маңызын жеткіздік. Қазақстанның көпұлтты ел екенін ескере отырып, әрбір ұлттың мәдениетін, тілін және дінін құрметтеу қажеттігін айттық.
СНХ: МЕРЕЙ ТІЛЕУБАЙ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Жалпы спикерлер түрлі сала мамандары болды. Бұл қазіргі жастарға мотивация болды деп ойлаймын. Бір істі бастар алдында ешқандай қорқыныш пен үрей тудырмай, осы бізге айтып жатқан спикерлердің сөздері бізге нағыз мотивация берді деп ойлаймын. Жалпы жастардың көпшілігі көпшілік алдында сөйлеуге қысылады, ораторлық өнер, өз-өзін көрсете білу, еркін түрде өз-өзін алып шығып, өз-өзін таныстыру өте қиынға соғып жатады. Ал бұл кісілер, яғни біздің қазіргі спикерлеріміз, өз-өздерінің нақты жолын тапқан, сенімді түрде өздерін таныстыра алды, және де біздің жастар осы адамдардан үлгі алады.
РКС: Жиын әсем әнмен қорытындыланды.
ИНТЕРШУМ:
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ