ДИКТОР: 5-ші Ұлттық Құрылтайда көтерілген тақырыптар, ел дамуына елеулі үлес қосатын өзекті мәселелер. Бүгін 5-ші Ұлттық Құрылтайдың негізгі шешімдерін халыққа жеткізуге байланысты Ақсақалдар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда өңірдің зиялы қауым өкілдері жиналып, пікір алмасты.

РКС: Мемлекет мүддесін қорғау, алдыңғы қатарлы дамыған елдердің көшін бастау, ұлттық сананы қалыптастыру, ел мен жерге деген құрметті арттыру Қазақстан азаматтарының ортақ мақсаты. Бүгінде әлемдік өзгерістерге ілесе отырып, елдегі мәселелердің шешімін табу үшін тиімді әрі иық тіресе жұмыс істеу керек, дейді кеңеске қатысушылар.

СНХ: АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ: Соңғы өткен Құрылтайдың негізгі мәселелері талқынады ғой, соның ішінде мына Арал мәселесі, одан кейін мына Қазақстанның орта держава болуы, 1 палаталы Парламентке көшуі, Халық кеңесінің құрылуы, еліміздегі өте үлкен проблемалар Президент айтып кеткендей, көмір қоры, энергия ресурстарын пайдалану, сонымен қатар әлеуметтік әйелдерге, балаларға қатысты, жасөспірімдерг байланысты жаңа заңнамалар тәртіп пен әділеттілікті сақтау сияқты қоғамның бүгінгі көкейтесті мәселелерін талқылап, өзіміздің ұсыныстарымызды айтамыз.

РКС: Кеңесте Қазақстан халқы Ассамблеясы енді жаңа институт ретінде Қазақстанның Халық Кеңесіне ауысатыны туралы да сөз қозғалды. Оның құрамына барлық этностың, түрлі санаттағы азаматтар және аймақтардан да өкілдер кіреді. Ол консультативтік орган мәртебесіне ие болмақ.

СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАН, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Ол да бір үлкен өзгеріс. Бүкіл өңірімізден барлық Азаматтық қоғамның жаңағы мүшелерінен құрылатын 126 адам болады деп отырмыз. Оның негізі вертикалдық құрылымдары бар. Алда тұрған мақсаттар еліміздің бірлігін нығайту. Әрбір азаматтың ел үшін, Отан үшін жауапкершілігін арттыру.

РКС: Ұлттық құрылтай ел тарихындағы маңызды оқиғаның бірі. Әділетті, қуатты, тәуелсіз әрі қауіпсіз мемлекеттің нышаны. Кеңес соңында ел жанашырлары мемлекеттің дамуына қолдан келгенін аянып қалмайтындарын айқын жеткізді.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ