ДИКТОР: Көкшетауда «Мемлекеттік рәміздерді қолданудың тәртібіне арналған семинар өтті. Мемлекеттік қызметшілер мен білім беру ұйымдарының өкілдеріне ұлттық стандарттарды сақтау мен қолдану тәртібі жан-жақты түсіндірілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау — ұлттық сана мен мәдениеттің айқын көрінісі екенін атап өтті. Сонымен бірге бұл қағиданы еліміздің әр азаматы мен мекемесі ұстануы тиіс.

РКС: Мемлекеттік рәміздерді пайдалану әр детальға дәлдік пен ұқыптылықты талап етеді. «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің алаңында геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары семинарға қатысушыларға еліміздің ұлттық нышанын дұрыс орнату мен қолданудың тәртібін түсіндірді.

СНХ: ӘДІЛХАЙЫР МЫРЗАХАНОВ, ГЕРАЛЬДИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Жалпы мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібіне келетін болсақ, бұл өте ауқымды дүние, яғни мемлекеттік органдарда пайдалану жағдайлары бөлек жаңағы жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың пайдалану жағдайлары бөлек. Мәселелер бар ғимараттардың ерекшелігіне байланысты. Елтаңбаның, Мемлекеттік Тудың өлшемдері өзгеруі мүмкін жағдайлары бар. Лауазымды тұлғалардың кабинеттерінде орналасу жағдайлары бар. Сосын жаңағы Мемлекеттік Тудың, Елтаңбаның бейнелері деген түсінік бар. Сол бейнелерін орналастыру жағдайлары бар. Солардың барлығы енді сол. Мемлекеттiк сол жерді пайдалану мәселесін келтіреді соларды қарастырып аламыз.

РКС: Орталық өкілдері мониторинг кезінде көп ретте мемлекеттік рәміздерді орнатуда талаптардың бұзылатыны жиі кездесетінін алға тартуда.

СНХ: АСЫЛЖАН БИЖАНОВ, ГЕРАЛЬДИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Және мониторинг кезіндегі ең басты кездесетін кемшіліктер, әрине, өте көп былай қарағанда 873 қаулыны біледі дегенімізбен, бірақ олқылықтар әрдайым шығып тұрады. Ол мына мекеменің бланкісіндегі Елтаңба бейнесі, ондағы жазудың қарпі, содан кейін. Мекеме мөрі, мекеменің сыртындағы Тудың және Елтаңбаның орналастырылуы, оның тәуліктің қараңғы кезіндегі жарықтандырылуы, содан кейін мемлекеттің ішіндегі мемлекеттік рәміздер, мекеменің ішіндегі мемлекеттік рәміздер стенді мен мемлекеттік рәміздерге арналған бұрыш сол жерлерге қатысты.

РКС: Жиын соңында семинарға қатысушылар тақырыпты жан-жақты талқылап, өзара пікір алмасты.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ