ДИКТОР: Көкшетауда «Көңілді жастар алаңы» әзіл-сықақ жобасының финалдық ойыны өтті. Шаһардың жоғары және арнаулы оқу орындарынан құралған төрт команда сахна төрінде бақ сынасты. Олар көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, үздіктер қатарынан көріну үшін тартысты додаға түсті.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Көңілділер мен тапқырлар клубы оның көптеген қатысушысы үшін өзін өзі жүзеге асырудың және маңызды әлеуметтік құзыреттіліктерді дамытудың тиімді алаңына айналғалы қашан. «Көңілді жастар алаңы» жобасы соның айқын дәлелі болса керек. Бұл жерде жастар тапқырлықтарымен қатар, актерлік шеберлігін, сонымен бірге сахналық қойылымдарға қатысты шынайы тәсілдерді ерекше етіп көрсетуге талпынады.
СНХ: ТЕМІРЛАН МЕҢДІБАЙ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бүгін Кокшетау қаласының жастар ресурсы орталығының ұйымдастыруымен « Көңілді Жастар Алаңы» ойиндарының финалы өтіп жатыр. Жалпы, осы уақытқа дейін біз үш ойынды өткіздік, яғни осы арқылы бір маусымды аяқтап отырмыз. Бүгін осы жылдың ақтық кезеңі өтуде және жеңімпаздар бірге анықталады. Ендігі жылы жобаны жаңа жоспар бойынша тағы да өткізіп, басқа оқу орындарынан командаларды тарту мүмкіндігі қарастырылады.
РКС: Командалар сәлемдесу, биатлон және жаттығу сынды үш кезеңде сайысты. Әр кезең қатысушылардың дайындығын және командада жұмыс істеу қабілетін жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді. Ерхан Сайранұлының ойынға алғаш қатысуы емес. Ол мұндай жобалар жастардың зияткерлік және шығармашылық қабілетін дамытуға оң ықпал етеді,-дейді.
СНХ: ЕРХАН САЙРАНҰЛЫ, «КӨҢІЛДІ ЖАСТАР АЛАҢЫ» ОЙЫНЫНА ҚАТЫСУШЫ: Бұл ойынды мен «Diamond» құрамасында ойнаймын. Бұл ойын үш кезеңен тұрады. Ойынға жалпы настрой жақсы деп айтуға болады. Енді барлық қарсыластарыма сәттілік тілеймін
РКС: Қалалық әзіл-сықақ ойынының қорытындысы бойынша Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Мусин жастары» командасы бірінші орынға шықты. Екінші орында – Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Көкше жастары» командасы. Қола жүлдені де осы университет жанындағы көпсалалы колледжінің «Diamond» командасы еншіледі.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ