ДИКТОР: Ауыл шаруашылығы ел дамуының басты тетіктерінің бірі. Ақмола өңірі егінді алқаптарға бай, астықтың алтын қорына айналған және мал шаруашылығы қарқынды дамып келе жатқан аймақ. Бүгінде ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру және жасанды интеллектті енгізу үрдісі қолға алынған. Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Мәжіліс депутаты Әнас Баққожаев осы саладағы қазіргі ахуалмен танысты.
РКС: Мәжіліс депутаты жұмыс сапары барысында Біржан сал, Есіл, Жарқайың аудандарында болып, ауыл шаруашылығы саласының мамандарымен оң өзгерістермен қатар, түйткілді мәселелерге қатысты әңгімелесіп, пікірлерін тыңдады.
СНХ: ӘНАС БАҚҚОЖАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Мал шаруашылығы бойынша кей бір жерлерде төмен. Себебі, өсімдік шаруашылығына әсіресе мына арпа, бидай еккен компаниялар кішкене мына мал шаруашылығын ұстауға қызығушылық танытпайды. Бұл ретте мемлекет тарапынан өсімдік шаруашылығында үлкен алқаптарды иеленген шаруашылықтарға мал шаруашылығын қолға алу бойынша талаптар күшею керек сияқты.
РКС: Фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының мамандары заманауи технологиялардың тапшылығын алға тартты. Отандық өнімнің сапасын бақылап, есеп беретін құрылғы жиі істен шығатн көрінеді. Сала мамандары жазда арнайы планшетпен мониторинг жүргізу үшін кей сәтте түнде жұмыс істеуге мәжбүр.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: НИЯЗБЕК ӨМІРБЕК, ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ БОЛЖАМДАР ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ ЗЕРЕНДІ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Біздің аудан, облыс бойынша шешілмей жүрген бірнеше мәселеміз мына жалақы, қаражат жөнінде. Және материалдық техникалық базаға қатысты вопростар бар шешетін қаражат жөнінде. Аграрный секторда агрономдар жетіспейді. Утечка көп. Мына частный компаниялар мен фирмаларға кетіп жатыр. Өйткені жалақы аз. Орташа жалақы 150 мың.
РКС: Мәжіліс депутаты көтерілген сұрақтардың маңыздылығына байланысты оны шешудің жолдарын қарастыратынын жеткізді. Бұдан бөлек, жалақыны 40 процентке өсіру туралы ұсыныс қаралып жатқанын да баяндады. Халық қалаулысымен кездесуде белгілі ғалым, академик Әбілжан Құсайынов өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы тыңайтқыштар жасап, ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты өз ойын айтты.
СНХ: ӘБІЛЖАН ҚҰСАЙЫНОВ, БИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ: Біздің бір зерттегенніміз көмірдің күлі. Көмірдің күлін ауыл шаруашылығына қолдану деген. Сондай біз бірсыпыра ауқымды зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Сол жүргізудің нәтижесінде ғылым кандидаты Серсенова Анар деген қызымыз «АгроБионог» деген тыңайтқыш жасап шығарды. Оның құрамына күл және технический углерод кіреді. Соны біз әр дақылды зерттеп бидай, арпа, майлы зығырды, картопты зерттедік. Мысалы картоптың өнімділігі 75%, арпаның өнімділігі 37%, бидайдың өнімділігі 22% артады.
РКС: Мәжіліс депутатымен кездесу барысында ауылға қажетті жайылым жерлердің тапшылығы, мал азығына қажетті көп жылдық дақылдарды өсіру, биотыңайтқыштарды ауыл шаруашылығында тиімді қолдануға қатысты өзекті тақырыптар қозғалды. Сондай-ақ, Ауған соғысының ардагерлері әлеуметтік осал топ санатынан алып, Ұлы отан соғысы ардагерлері санатына енгізуді сұрады. Халық қалаулысы бірде бір мәселе назардан тыс қалмайтынын, тек бәрі заң аясында реттелетінін жеткізді.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ