ДИКТОР: Жетімін жылатпаған текті елдің тәрбие үлгісіне «Кәсіби қабылдаушы отбасы» термині енгізілді. Бұл заң былтыр шілденің 1-інде қабылданды. Ақмола облысы алғашқы болып «Бақытты отбасы» жол картасы аясында бұл заңды пилоттық жоба ретінде іске асырмақ. «Кәсіби қабылдаушы отбасы» заңы бойынша «Amanat» партиясының өкілдері «Кәсіби бала асырап алушы отбасының үлгісін енгізу» тақырыбына арналған конференция ұйымдастырды. Онда кәсіби отбасының негізгі талаптары анықталды.
РКС: «Кәсіби қабылдаушы отбасы» заңы шеңберінде енді ата-ана қамқорынсыз қалған бала арнайы ұйымдарға емес, бірден кәсіби қабылдаушы отбасына жіберіледі. Бұл баланы отбасылық мейірімнен ажыратпау мақсатында жасалып отырған шара. Ақмола облысында пилоттық жобаға атсалысуға ниет білдірген 2 отбасы бар.
СНХ:ҚҰРАЛАЙ ЖҰМАБЕКОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Ол бірінші менің отбасым және Қабылбаев Мұрат деген отбасы. Біз асыраушы ата-аналармыз. 10-15 жыл аралығында осындай жұмыстармен айналысқан соң, заң негізінде пилоттық проек ретінде алайын деп отырмыз. Сондықтан, бәріміз жиналып талқылауға, қандай бізге міндет қою керек, қандай мақсат қою керек екенін қабылдауға «Amanat» партиясында жиналып отырмыз.
РКС: Кәсіби отбасының қарапайым асырап алушыдан басты ерекшелігі кәсіби қабылдаушы жанұяның асыранды баланы таңдау құқығы жоқ. Яғни қабылдайтын бала арнайы күтімді қажет ететін немесе ерекшелігі бар болуы әбден мүмкін. Сондықтан кәсіби отбасы барынша психологиялық тұрғыдан тұрақты болуы керек.
КЕСТЕ МӘТІНІ: Кәсіби қабылдаушы отбасына қойылатын негізгі талаптар. Қазақстан Республикасының азаматы болуы шарт. Жас ерекшелігі 30-бен 63 жастың аралығында. Соттылмаған болуы қажет. Медициналық тексерістен толық өткен, наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрмаған азаматтар. Отбасының міндетті түрде тұрақты табысы және тұрғын үймен қамтылған болуы тиіс. Себебі, заң талабы бойынша әр асырап алушы балаға 15 шаршы метр тиесілі.
КЕСТЕ: КӘСІБИ ҚАБЫЛДАУШЫ ОТБАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
• Қазақстан Республикасының азаматы;
• жасы 30-дан 63-ке дейін;
• сотталмаған;
• медициналық тексерістен толық өткен;
• наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрмайды;
• тұрақты табысы бар;
• тұрғын үймен қамтамасыз етілген (әр балаға кемінде 15 шаршы метр).
РКС: Кәсіби қабылдаушы отбасы мемлекетпен келісім-шартқа отырады. Оған сәйкес қиын өмірлік жағдайға немесе ата-анасы бар, десе де құқықтарын қорғауды қажет ететін жағдайға тап болған баланы, уақытша тәрбиелеп, өзінің туған отбасына қайтарады. Қабылдаушы отбасында бала 3 айдан 6 айға дейін бола алады. Кеңес барысында бұл қысқа мерзімде уақытша ата-анаға бой үйрете бастаған балаға, бұрынғы ортаға қайта оралу психалогиялық және эмоциялық күйзеліске әкеліп соғуы мүмкін деген пікірлер де айтылды.
СНХ: ИРИНА ТЕРЕНТЬЕВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: 6 ай өткен соң баланың тағдыры не болмақ? Ол тағы да басқа анаға беріле ме? Балаға бұл ересек адамның уақытша екені түсіндірілгенімен, алайда оның санасында ол – өз анасы. Біз өзіміз баланың маңызды ересек адаммен берік байланыс қалыптастыруы қажет екенін айта отырып, 6 айдан кейін сол байланыстың үзілуіне жол беріп отырмыз ба?
РКС: Әр кәсіби отбасының 4 балаға дейін ғана қабылдау еркі бар. Егер де бір отбасының баласы төртеуден көп болса, онда олар бір-бірінен ажыратылмайды. Өйткені бұл жобаның негізгі мақсаты - мейірімді және қолайлы ортаны қалыптастыра отыра, балаға «Отбасы» үлгісін санасына сіңіру және оның психологиялық дағдарысқа ұшырамауына әрекет ету.
СНХ: ЭСЕТ КУССИЕВА, «АНА ҮЙІ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ ҰЛТТЫҚ БАЛА АСЫРАП АЛУ АГЕНТТІГІНІҢ ӨҢІРЛІК ПСИХОЛОГЫ: Бауыр басу уақытпен емес, оның сапасымен өлшенеді.
Бұл, бала үшін маңызы зор, сенім мен қауіпсіздікке негізделген уақытша ата-анамен қалыптасатын сапалы эмоционалдық байланыс. Балада әрқашан арқа сүйер, қолдау мен қамқорлық таба алатын нақты бір ата-ана бейнесінің болуы аса маңызды. Осындай тәжірибе баланың болашақ өміріне әсер етеді. Біз бұл жерде баланың тек қазіргі жағдайын емес, оның келешектегі дамуын, тұлға ретінде қалыптасуын және сау қарым-қатынастар құра алу қабілетін айтып отырмыз.
РКС: Бұл жоба кәсіби қабылдаушы ата-анаға 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 300 мың теңгеден астам еңбекақы және әр балаға 43 мың теңгеден астам қаржылай көмек көрсетеді. 4 бала асырап алған кәсіби қабылдаушы отбасына жалпы алғанда айына 800 мың теңгедей кіріс кіреді.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ