ДИКТОР: Көкшетауда коммуналдық қызмет күн сайын 1800-2000 текше метр қар шығарады. Өткен жылмен салыстырғанда биыл қар көп түседі деген болжам бар. Бұл жайлы қалалық әкімшілікте өткен жиында айтылды.
РКС: Облыс орталығы бойынша қар тазалау жұмыстарына 100 адам мен 120-ға жуық техника тартылған. Олар алдымен әлеуметтік маңызы бар нысандар мен халық көп шоғырланатын жолдарға мән беріп отыр. Бірақ, күн сайын толассыз жауатын қардың әсерінен шеткі көшелер назардан тыс қалуда. Мұны ескерген қала әкімі Әнуар Күмпекеев коммуналдық мекеме басшыларына 2 ауысымдық жұмысқа көшуді ұсынды.
СНХ: ӘНУАР КҮМПЕКЕЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Біз күн сайын таңғы 4-тен шығамыз. Жаңа жылда да таңғы 4-тен бастап қар тазаланды. Бірақ, түнгі ауысымға ауысуымыз керек шығар. Түнде қар жинау ыңғайлы болады. Өйткені, ешкім кедергі жасамайды. Барлық қалаларда коммуналдық мекеме қызметкерлері күндіз де, түнде де жұмыс істейді. Бізде тәулік бойы жұмыс істеуге күш пен қуат жеткіліксіз. Оны мойындауымыз керек. Сондықтан, түнгі ауысымғажұмыс істеу үшін арнайы пилоттық жобаны қолданып көруіміз керек.
РКС: Синоптиктердің айтуынша, 8-ші желтоқсаннан бастап шаһарда 3 айлық мөлшерде қар түскен. Соңғы 35 күнде 160 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Сонымен қатар, көктайғақ болған жағдайда жолдарды мұздан уақытылы тазарту үшін 700 тонна инертті материал мен тұз дайын тұр. Сондай-ақ, жиын барысында көтерілген келесі мәселе - Крещение мерекесі күндеріндегі қауіпсіздік шарасы. Бұл мейрам қаңтардың 18-нен 19-на қараған түні басталмақ. Православиеліктердің мерекесінде жыл сайын өзен-көлдерге шомылуға ниет білдірген адам саны ұлғаяды. Сәйкесінше, қауіпте те жоғары. Қауіпсіздікті қатамасыз ету мақсатында қалалық ішкі саясат бөлімі түрлі шаралар кешенін ұйымдыстыруды көздеп отыр.
СНХ: БЕКСҰЛТАН ТЕМІРБОЛАТ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Қаңтардың 18-і сағат кешкі 20:00-ден, қаңтардың 19-ы кешкі 21:00-ге дейін арнайы жүзу алаңдарында жедел-жәрдем көліктерін, полиция және құтқару қызметкерлерін кезекшілікте болуын қамтамасыз етеміз. 18-і және 19-ші қаңтарда мұз айдындарына көліктердің шықпауын қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция қызметкерлерін де жұмылдырамыз. Іс-шара өтетін орындарды 18-ші қаңтарға дейін прожекторлар мен арнайы жабдықтарды толық қамтамыз ету жоспарланып отыр.
РКС: Сондай-ақ, көкшетаулықтар суға шомылып шыққаннан кейін арнайы дайындалған автобустар мен шатырларда жылынып, киінуіне де мүмкіндік қарастырылған. Сонымен қатар, қала әкімі Әнуар Күмпекеев сала мамандарына қала тұрғындары мен қонақтарын мереке уақытында ыстық шаймен және тамақпен қамтамасыз етуді тапсырды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Жыл сайын Крещение мерекесінде ерекше бақылау жүргізілетіндіктен оқыс оқиғалар тіркелмеген. Десе де, сақтықта қорлық жоқ. Қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай орындап, тек арнайы жабдықталған жерлерде шомылған жөн.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ