ДИКТОР: Аймақта 1 мыңға жуық аутизм диагнозы қойылған бала бар. Ал ерекше білім беруді қажет ететін баланың саны 13 мыңға жетеді. Соған қарамастан, аймақта мамандандырылған медициналық көмек пен инклюзивті білім беру саласындағы білікті мамандар әлі де жетіспейді. Парламент Мәжілісінің депутаттары Көкшетау қаласына жұмыс сапары аясында жаңадан ашылған аутизмі бар балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты.

РКС: Халық қалаулылары ерекше қажеттілігі бар балалардың болашағына алаңдаулы. Бүгінде ерекше балалар саны жыл сайын артып келеді. Ал жуырда ашылған шаһардағы жалғыз орталық бір мезгілде тек 30 баланы қабылдай алады. Сонымен қатар, емдік-оңалту шаралары әр балаға бар болғаны үш ай мерзімге жоспарланған. Халық қалаулылары өңірде мұндай орталықтардың санын арттырып, көрсетілетін қызмет аясын кеңейту қажет,-дейді.

СНХ: НАТАЛЬЯ ДЕМЕНТЬЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Мемлекет тарапынан арнайы бір қызмет көрсету спектрі белгіленген. Дегенмен, ата-аналардың өтініштеріне сәйкес, кей балаларға мынанай көмек болып тұр, ал кейбіреуіне бұл тиімсіз, ыңғайсыз болып есептеледі. Яғни, ешқандай көмек, қолдау көрсетілмейді. Өйткені әр баланың аутизм деңгейі басқа болуы мүмкін. Сол себептен мен мемлекет тарапынан берілетін қызмет спектрін нығайту, арттыру керек деп есептеймін.

РКС: Аутизм дертінен айығу мүмкін емес, алайда үздіксіз жұмыстың арқасында оларды қоғамға бейімдеуге болады, - дейді мамандар. Бұған ата-аналар да үмітті. Бұл үшін білікті мамандар қажет, алайда олардың саны әлі де жеткіліксіз.

СНХ: ЮЛИЯ КУЧИНСКАЯ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Келесі өзекті мәселе – кадр тапшылығы. Қарап отырсақ, осындай орталықтар мен инклюзия кабинеттері ашылып жатыр. Барлық жағдай жасалған, толық заманауи жабдықталған. Дегенмен, мамандар жеткіліксіз. Сондықтан, әрине, осындай орталықтар ашылған жағдайда, білікті кадрларды қамтамасыз ету өте маңызды. Бұған қоса, балалардың жыл бойы сол орталықта оқып, білім алуына жағдай жасау қажет.

РКС: Бұдан соң «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының қызметі аясында халық қалаулылары Көкшетау қаласының активімен кездесті. Жиын барысында депутаттар Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық бағыттар мен заңнамалық өзгерістердің маңыздылығына тоқталды.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ