ДИКТОР: Көкшетауда 9-11 сынып оқушылары арасында республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңі өтуде. Білім сайысына Ақмола облысының әр түкпірінен іріктелген 460-тан аса оқушы өзара бақ сынауда.

РКС: Жалпы білім беретін пәндер бойынша өтіп жатқан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі қоғамдық-гуманитарлық бағытта 9, жаратылыстану-математикалық бағытта 6 пәннен өтуде. Облыстық кезең классикалық олимпиадалық тапсырмалар түрінде екі тур бойынша өтуде.

СНХ: ӘСЕМГҮЛ СҮЛЕЙМЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: Бұл олимпиадаға 9-11 сынып аралығындағы, яғни жоғары сынып оқушылары қатысып жатыр. Осы күндері облыстың әр түкпірінен 460 оқушы Көкшетауға жиналды. Білім сайысы 2 кезеңнен өтуде. Бүгін алғашқы күні салтанатты жиын өтіп, барлық оқушыларға сәттілік тіледік. Ең білімді деген оқушылар іріктеліп, облыс намысын республика көлемінде қорғайтын болады.

РКС: Олимипадының негізгі мақсаты оқушылардың теориялық білімі мен тәжірбиелік шеберлігін тереңдету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимипадаға қатысатын балаларды іріктеу және даярлау.

СНХ: МӘДИ БАҚЫТКЕРЕЙ, 9 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: Мен Көкшетау қаласы Абай атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысымын. Мен осы олимпиадаға география пәнінен қатысамын. Осы олимпиадаға 2-3 аптадай өзімнің ұстазыммен дайындалдым. Және каникулда дайындалдым. Қазір бәрі жақсы, есептер қиын, бірақ шығаруға тырысамын.

РКС: Жалпы блім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері 9 қаңтарда салтанатты түрде марапатталмақ.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ