ДИКТОР: Мереке күндері облыс аумағында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарып, тұрғындардың тыныш әрі қауіпсіз демалуын қамтамасыз етті. Соған қарамастан тәртіп бұзғандар болды. Желтоқсанның 31-і мен қаңтардың 4-і аралығында 3 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Тілшіміз Евгений Варанкин баяндайды.
РКС: Жүргізілген іс-шаралар көшелердегі қылмысқа қарсы күресті күшейтуге, құқық бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталды. Жалпы өңірде мерекелік күндер тыныш өтіп, ауыр қылмыстар мен зардаптарға әкеп соққан жол-көлік оқиғалары тіркелген жоқ. Бұл құқық қорғау органдары қызметкерлерінің үйлесімді әрі нәтижелі жұмысының арқасында жүзеге асты.
СНХ: АЗАМАТ БАЙҒАЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Облыс аумағында жол жүру және қоғамдық қауіпсіздік бағыты бойынша 3406 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Масаң күйінде көлік құралын басқарудың 29 дерегі, 27 адамның көлік құралын басқару құқығынсыз рульге отырғаны белгілі болды. Ұқсас құқық бұзушылықты қайталап жасаудың 12 дерегі анықталса, сондай-ақ бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылған 2 тұлға көлік тізгіндеген. Қоғамдық қауіпсіздік бағыты бойынша қоғамдық орындарда ішімдік ішу және масаң күйде жүру деректері үшін 178, тыныштықты бұзғаны үшін 112 адам жауапкершілікке тартылды.
РКС: Облыстық төтенше жағдайлар департаменттің қызметкерлері де мереке күндері тыным таппай қызмет атқарды. Бес күн ішінде өрт сөндірушілер 20-ға жуық тілсіз жауды ауыздықтады. Өрттен келген материалдық шығын шамамен 800 мың теңге.
СНХ: ЕРЖАН ҒАББАС, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Облыс аумағында 17 өрт тіркелді. Өрттің салдарынан зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өрттің басты себептері жылыту құралдарының пайдалануды бұзу. Осы талаптарды бұзу үшін 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
РКС: Облыс аумағында 280 жылыту пункті бар. Жаңа жыл мерекесі күндері ол жерге 123 адам, оның ішінде 8 бала және 100-ден астам шетелдік азамат эвакуацияланды.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ