ДИКТОР: Жаңа жылдың мерекесі күндері тәртіп сақшылары азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызмет атқарды. Көкшетаудағы полиция басқармасының қызметкерлері 300-ден аса құқық бұзушылықты анықтады. Тілшіміз Евгений Варанкин баяндайды.

РКС: Мерекелік іс-шаралар өткізу кезеңінде полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарды. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Құқық қорғау органдары өкілдерінің айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда құқық бұзушылықтар саны едәуір азайды.

СНХ: АЗАМАТ ҚАБИЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ КОМАНДИРІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Мерекелік іс-шаралар кезеңінде Көкшетау қаласының аумағында 346 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты, ұялы телефондарды пайдалану, жаяу жүргіншілерге жол бермеу, сондай-ақ бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту деректері тіркелді. Сонымен қатар мас күйінде көлік басқарған жүргізушілер де анықталды. Қоғамдық қауіпсіздік бағыты бойынша 52 адам жауапкершілікке тартылды.

РКС: Биыл мерекелік іс-шаралар Жағалау көшесінде орналасқан басты шырша маңында өтті. Осыған байланысты аталған көше бойында көлік қозғалысы шектелді. Сонымен қатар мерекелік шараға полиция басқармасының 160, арнайы әрекет ету жасағының 11 қызметкері, 5510 әскери бөлімінің 100 сарбазы, 30-дан аса жаяу тәртіп сақшысы және 10 патрульдік автокөлік жұмылдырылды.

СНХ: ӘДІЛХАН ҚОЙБАҒАР, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Жаңа жыл мерекесін өткізу кезеңінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Адамдар көп шоғырланған орындарда ұсақ құқық бұзушылықтар анықталды. Жалпы, Жаңа жыл мерекесі тыныш әрі қауіпсіз өтті.

РКС: Айта кетейік, биыл мереке күндері Көкшетау қаласының полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының 100-ден астам жаяу жасағы мен 20-дан астам патрульдік автокөлік күшейтілген режимде қызмет атқарды.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ