ДИКТОР: Көкшетауда жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Жұмысшы жастар» форумы өтті. Шара адал еңбекті дәріптеп, жұмысшы мамандардың мәртебесін арттыруды мақсат етеді. Жиын барысында бір топ еңбек озаты марапатталды. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.
РКС: Форумда Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев аймақта жүзеге асырылып жатқан бастамалар мен жетістіктерге тоқталып, еңбекқор жастардың өңір дамуына қосып жатқан үлесін атап өтті.
СНХ: ДОСҰЛАН АЙТБАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биыл өңіріміз бойынша жастар, оның ішінде жұмысшы мамандықтарды қолдау аясында ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр. Бүгінгі форум да соның айқын көрінісі. Мемлекет басшысы жастарға үнемі қолдау көрсетіп, үлкен мән беріп келеді. Кез-келген жұмыс – қадірлі. Әсіресе, жұмысшы мамандықтарын игерген жастарымыз зор құрметке лайық екенін үнемі айтқан болатын. Облысымызда аянбай еңбек етіп жүрген жастарымыз жетерлік.
РКС: Жастарға үлгі болар тұлғалар да баршылық. Солардың бірі – саналы ғұмырын тау-кен өндірісіне арнаған Қанат Қамбетов. Қырық жылдан астам бұл салада аянбай тер төккен ардагердің балалары мен немерелері де өмірін осы саламен байланыстырған. Оның өмір жолы - бүгінгі жас мамандар үшін үлкен өнеге.
СНХ: ҚАНАТ ҚАМБЕТОВ, ЕҢБЕК АДАМЫ: Көп жыл мен Ақсу руднигінде істедім, жас кезімнен, 20 жастан бастап, содан зейнетке шыққанша істеп шықтым. Бұрынғы кезде жұмыс өте ауыр болды, қазіргі кезде жаңа техника, жастар соған үйреніп,бәріне жақсы боп жатыр. Оқу керек, еңбек ету керек.
РКС: Жиын барысында еңбегімен ерекшеленген жас мамандарға алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауының жеңімпаздары ақшалай сертификаттарға ие болды. Солардың бірі - атбасарлық кәсіпкер Аида Мейрамова. Сүйікті ісін кәсібіне айналдырған ол бүгінде наубайхана ашып, 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
СНХ: АИДА МЕЙРАМОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: Кәсібімді ашқаныма 2 жыл болды. Бағытымыз нан өндіру. Енді ары қарай кондитерлік полуфабрикаттар ашу – негізгі міндетіміз. Осы 1 млн-ды бұйырса бонетаға жұмсайын деп жатырмыз, реализацияға шығару үшін. Негізі үйден бастағанмын. Ең бірінші формовой хлебтан бастадық, ары қарай пирогтарымыз да кетті, бастысы міндетім – круассан ашу еді, біздің қаламызда жоқ еді, ең бірінші круассан ашқан біз болатынбыз.
РКС: «Адал адам» тұжырымдамасын ұстанып, адал еңбегімен биіктеген еңбек адамының қоғамдағы орны қашан да биік. Жалпы, аймақта жұмысшы мамандықтарды қолдау бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Жаңа еңбек буыны заманауи технологияны меңгеріп, ынталы жас мамандар қалыптасып келеді.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ