ДИКТОР: Тәуелсіздік күні қарсаңында бүгін Астана іргесіндегі Қараөткел ауылы табиғи газға жоспардан ерте қосылды. 10 мыңға жуық халқы бар елдімекен үшін от жағып, отын жару, көмір тасу енді артта қалды. Тілшіміз Лаура Дәулетбек қараөткелдіктердің қуанышымен бөлісіп қайтты.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Табиғи газды жіберу тетігін облыс әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов ауыл ақсақалдарымен бірге бұрап, салтанатты түрде іске қосты. Көгілдір отынға алғашқылардың бірі болып Берік Айтқожин мен Гүлнәр Әбдіқадыр қол жеткізді.
СНХ: БЕРІК АЙТҚОЖИН, ҚАРАӨТКЕЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 1974 жылы осы жерде тұрып жатырмын. Міне, ауылымыздың көркейіп, өскенің көріп отырмын. Біріншіден, жол бар асфальт. Свет бар, су бар. Міне, көптеген бері күткен табиғи газды берді. Ауыл халқы көп күтті. Бұл не деген сөз? Қазір тұрмыс жағдайымыз көтерілді, жақсарды деген сөз. Халықтың барлығы қуанышты!
СНХ: ГҮЛНӘР ӘБДІҚАДЫР, ҚАРАӨТКЕЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Газ бізге бірінші рет келіп тұр. Мынау көптен күткен газымыз келіп, қуанышымызда шек жоқ. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Мынау биыл бізге газ да келіп жатыр. Светте, су да келіп жатыр. Енді біздің қуанышымызда шек жоқ! Тіпті, не айтарымызды білмейміз.
РКС: Бұл жаңалық шынымен де елдімекен тұрғындары үшін үлкен қуаныш. Себебі, табиғи газға қосылу – тұрмыстық қолайлықпен қатар, экологиялық ахуалдың жақсаруына да әсер етеді. Ауылды орталықтандырылған көгілдір отынмен қамту үшін 100 шақырымдық жоғары қысымды газ құбыры тартылған.
СНХ: УӘЛИХАН ҚЫМБАТОВ, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ АСТАНА ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Ол 2500 абонентке газды қолдануға мүмкіндік береді. Жоба жоспар бойынша 2027 жылы бітіру керек еді. Бірақ, техникалық және проектық өзгерістер енгізгеннен кейін осы желтоқсан айында газға қосу мүмкіндігі туылды.
РКС: Келер жылы табиғи газ Қаражар және Қызылсуат ауылдарына да жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, наурыз, сәуір айларында Қараөткел елдімекенінің төртінші кезеңі іске қосылмақ. Осылайша, 5 мыңға жуық тұрғын табиғи газбен қамтылады.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ