ДИКТОР: Ауыл жасөспірімдерінің IV республикалық қысқы ойындары аясында өткен хоккей турнирі өз мәресіне жетті. Төрт күн бойы Қазақстанның алты өңірінен келген командалар мұз айдынында бақ сынады. Шамамен жүзге жуық жас спортшы қатысқан жарыста чемпион атағы Ақмола облысының құрамасына бұйырды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Облыстық команда турнирде сенімді әрі тәжірибелі ойын көрсетіп, бес мәрте қатарынан жеңіске жетті. Әр матч көбіне айқын есеп айырмасымен аяқталып, Ақмола құрамасына осы санатта абсолютті чемпион атануға жол ашты.

СНХ: АРТЁМ КЛЯЦКИХ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ: Бұл жолы қарсылас командалар өте мықты болды. Соған қарамастан, біз жарысқа тыңғылықты дайындықпен келдік. Жарты жолда тоқтап қалмай, өз ойынымызды көрсетіп, қалаған нәтижеге қол жеткіздік. Әрине, қиын сәттер де болды, толқу да сезілді. Соған қарамастан, бар күш-жігерімізді жұмсап, жеңіс үшін қолдан келгеннің бәрін істедік.

СНХ: АРТЁМ ШАРЫГИН, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ КОМАНДИРІ: Алда әлі талай жарыс күтіп тұр. Енді келесі бәсекелерге дайындықты бастаймыз. Жігіттерге және барлық қарсылас командаларға алғыс білдіремін. Бәрі өте жоғары деңгейде, тартысты ойын көрсетті.

РКС: Ойынның бір ерекшелігі оған қалалар мен ірі облыс орталықтарының командалары қатыса алмайды. Бұл ауылдық спортшылардың өздерін көрсетуге, шеберліктерін шыңдауға және одан әрі жоғары деңгейге көтерілуіне беріліп отырған тамаша мүмкіндік.

СНХ: ВЛАДИСЛАВ ЕСИПОВ, ҚР СПОРТТЫ ДАМЫТУ ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ: Биылғы жарыстың деңгейі өте жоғары. Әсіресе Ақмола облысының хоккейшілері кәсіби әрі шынайы спорттық дайындықтарымен ерекше көзге түсті. Балғын спортшылардың алғашқы жеңістері дәл осындай сайыстардан басталады. Ол жеңістер олардың өсуіне, жаңа жетістіктерге ұмтылуына үлкен мотивация береді. Бүгін мұз айдынына шыққан жастарымыз алда талай рекорд жаңартып, әлемдік спорт ареналарында жарқырайды деп сенеміз.

РКС: Спортшылар жеңістің басты сыры команданың үйлесімділігі мен бапкерлердің қолдауында екенін атап өтті. Жарыста Шығыс Қазақстан құрамасы екінші орынды еншілесе, қола жүлдені Қостанай облысының командасы иеленді.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ ТВ