ДИКТОР: Бүгін жергілікті жас спортшылар үшін қуанышты күн. Көкшетау қаласына іргелес орналасқан Красный Яр ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.

РКС: Жаңа спорт кешенінің ашылуын ауыл тұрғындары асыға күткен. Себебі бұған дейін жергілікті жас спортшылар спорт үйірмелеріне қатысу үшін қалаға баруға мәжбүр болатын. Ал бұл жобаның құрылысы 2022 жылы басталғанымен, жауапсыз мердігердің салғырттығынан құрылыс жұмыстары тоқтап, нысан «сақалды құрылысқа» айналған еді. Енді барлық мәселе шешіліп, спорт кешені толық аяқталып, ел игілігіне беріліп отыр.

СНХ: СӘРСЕНБАЙ ХАСЕНОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Мына спорт сарайын қашан бітіреді деп тосып отырғанбыз біз өзі бәлен жыл. Әйтеуір Аллаға шүкір міне бітіріп, бүгін бүкіл халықпен балаларыммен қуанып отырмыз. Бүкіл халықтың атынан рахмет айтқым келеді. Бұрын немеремді Көкшетауға апаратын едім. «Болашақ» сарайына, «Бурабайға» апаратын едім. Енеді міне, өзі үйден шығып өзі келіп отырады.

РКС: Аймақ басшысы спортты дамыту және болашақ чемпиондарды тәрбиелеу өңірдің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сондықтан спорт нысандарының құрылысы уақытылы әрі сапалы жүргізілуі тиіс,-деді ол.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

РКС: Жаңа спорт кешенінде балалардың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда жүзу үйірмесі, қазақша күрес, еркін күрес, грек-рим күресі, бокс залдары бар. Болашақ чемпиондарды 12 жаттықтырушы баптайды.

СНХ: АРДАҚ ТӨЛЕНДИН, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Енді Көкшетау қаласына жақын орналасқан Красный Яр ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылды. Бұған дейін ауылда арнайы спорт залы болмағандықтан, балалар Көкшетауға қатынап жүретін. Жаңа нысан олардың ауыл ішінде жаттығуына мүмкіндік береді.

РКС: Ашылу салтанатына халықаралық аренада ел намысын қорғап жүрген спортшылар да қатысып, жергілікті тұрғындардың қуанышына ортақтасты.

СНХ: АЙБЕК ОРАЛБАЙ, БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ: Қазіргі жастарымыз спортты таңдау керек, спорттың жолымен жүру керек. Еліміздің атын шығару керек деп ойлаймын. Сондықтан Ақмола облысында осындай спорт кешендер салынып жатқанына бәріміз қуаныштымыз.

РКС: Бұған қоса, аймақ басшысы «Сарырқа» шағын ауданында орналасқан спорт кешенінің құрылыс барысымен танысты. 12 шаршы метрлік жаңа спорт нысаны бір мезетте 1 мыңға жуық адам қабылдауға қауқарлы. Қазір сыртқы жұмыстар толық аяқталған, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Енді бірер аптада Көкшетау қаласында да халықаралық талаптарға сай заманауи спорт кешені ел игіліген беріледі. Айта кетейік, жалпы жыл басынан бері аймақта 8 спорт нысаны пайдалануға берілді.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ