ДИКТОР: Көкшетауда «Көңілді жастар алаңы» жобасының 1/2 жартылай финалдық ойыны өтті. Көңілді де тапқыр жандардың басын қосқан ерекше басқосу жайында шараға қатысып қайтқан тілшіміз баяндасын.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Ойынға төрт команда қатысты. Қатысушы құрамдар негізінен жергілікті оқу орындарының студенттерінен жасақталды. Үміткерлердің ойынға деген ынтасы мен жігері, жарыстың қызығы мен бәсекелестігі әу бастан-ақ көрініп тұрды. Олардың әрқайсысының болашаққа сенімі мол.
СНХ: БЕКАРЫС ЕРЖАНАТ, «KOKSHE ZHASTARY» ҚҰРАМАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ: Біз Көкшетау қаласы Шоқан Уәлиханов университетінің атынан келіп отырмыз. Құрамамыздың аты «Көкше жастары». Әзілді өте қатты жақсы көремін. Және де бұл әзіл саласы арқылы біз көптеген нәрселер жеткізе аламыз. Мысалы астарлап жеткізсек те болады. Енді әзіл саласы маған қатты ұнайды. Бүгінгі ойынымыз өте керемет өтті, енді финалда көрісеміз.
РКС: Алда әлі жоғары деңгейдегі талай ойын күтіп тұр. Форматы жағынан да, аудитория тұрғысынан да кеңейе береді. Жаңа командалар қосылып, көрермен саны артып, әзіл деңгейі де жылдан-жылға өсе түседі деп сенеміз,- дейді ұйымдастырушылар.
СНХ: ТЕМІРЛАН МЕҢДІБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бұл әзіл-ысқақ ойындары ең біріншіден командаларға, жалпы студенттерге өз студенттік өмірлерін қызықты өткізуге және де тәжірибе жинауға, белсенді болуға өзінің ықпалын тигізеді, бұл жерде сахнада өнер көрсететін қаншама 300-500-600 адамның алдына өнер көрсету оңай емес, яғни қатысушылар сахнаға төселеді, әрмен қартай өздерінің болашақта осы салада жұмыс жасайтын болса қазірден бастап олардың іргетасы қалануда әзіл саласында.
РКС: Көрермен қауым кештен ерекше шабытпен тарқасты. Әзілге толы қойылымдар жұрттың көңілін көтеріп, залды шаттық пен шынайы күлкіге бөледі.
СНХ: ҰЛАН ҚАЗЫМБЕК, КӨРЕРМЕН: Ия шынында да бүгін «Көңілді жастар алаңы» атты әзілкеш ойындар өте қызықты өтті. Финалға жолдама алған командаларды өте лайық деп есептеймін және де осыны ұйымдастырып жатқан Жастар ресурстар орталығына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бүгін өзімнің әсерім Жайдарман дегенде бізде есімізге әзіл түседі, сол әзілді бүгінгі командалар шындықпен араластырып отырып халыққа жеткізе алды деген ойдамын.
РКС: Сайыс қорытындысы бойынша үш команда келесі кезеңге жолдама алды. Сондай-ақ, «Альянс» құрамасы да резерв көрсеткіші бойынша келесі айналымға өтті. Қорытынды кезеңде төрт құраманы да сахна төрінен қайта көретініміз көңілді одан әрі көтере түсті.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ