ДИКТОР: 50 жылға жуық уақыт бұрын қолданысқа берілген Сандықтау ауданына қарасты Каменка ауылындағы орта мектепте екі ауысымда 130 бала білім алады. Былтыр ғимараттың іші мен сырты толық күрделі жөндеуден өтті.

РКС: Білім ошағында соңғы 50 жыл ішінде алғаш рет түбегейлі өзгеріс орын алды. 2 жыл бұрын білім беру мекемесіне сенсорлық тақталар орнатылып, жабдықтар жаңартылды.

СНХ: ЮЛИЯ РАДЕЦСКАЯ, КАМЕНКА ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Жөндеу 2 жылдық жоба аясында аяқталды. Жөндеу жұмыстары кезінде терезелер жаңартылды, мектеп аумағы абаттандырылды, жылу жүйесі ауыстырылды. Мектептің іші толығымен жаңартылды. Оқушылар үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалды. Тактильді жолдардың барлығы ойластырылған. Пандус та бар. Оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтылған.

РКС: Бұл өзгерістердің барлығы білім сапасына да оң әсер етуде, - дейді оқушылар.

СНХ: АЛЕКСАНДР САЛЬНИКОВ, КАМЕНКА ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Біздің мектепте қолайлы жағдайдың барлығы жасалған. Біздің шығармашылықпен айналысуымызға, басқа да түрлі сайыстарға қатысуымызға мүмкіндік зор. Жүлделі орындарды еншілеп жүрміз. Мәселен, мен робототехника бойынша республикалық жарысқа қатысып, жүлделі орынға ие болдым. «Әуешана» жасадым. Бұл қайық, шана және ұшақ элементтерін біріктіретін ерекше көлік түрі. Жөндеуге дейін мектептің іші өте салқын болды. Қазір жып-жылы. Қазір құр жейдемен ғана жүреміз.

РКС: Келер жылы мектептің ауласы абаттандырылмақ. Бұл мақсатқа 5 млн.теңге көлемінде қаражат бөлінді.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ