ДИКТОР: Жыл басынан бері облыстық экология департаменті өңірдегі 78 субъектіні қамтыған тексеріс жүргізді. Мониторинг қорытындысы бойынша мамандар экологиялық кодекстің 90 рет бұзылғанын анықтады. Соның салдарынан 12 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, салынған айыппұлдың көлемі 9 миллион теңгеден асты.

РКС: Өңірде ауа сапасы бұрынғыдай таза. Гидрометеорологиялық қызметтің мамандары аймақтағы елді мекендерде ауаға тұрақты мониторинг жүргізіп келеді. Жүргізілген өлшеулердің нәтижесінде- зиянды заттар мөлшері төмен әрі тұрақты деңгейде сақталуда.

СНХ: ГАЛИНА КАРАЛАШ, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РРЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Соңғы екі жылда облыс бойынша атмосфералық ауаның сапасы төмен деңгейдегі ластанумен сипатталды. Ерекше жағдай 2024 жылға тән болды. Ол кезде жоғарылау деңгейі Бурабай және Бестөбе кенттерінде байқалды. Сонымен қатар көміртек оксиді, күкірт диоксиді, азот диоксиді және өлшенген бөлшектер сияқты көрсеткіштер бойынша шекті рұқсат етілген концентрацияның аздаған асулары болып тұрады. Сондықтан қазіргі таңда өңірдегі экологиялық жағдай қалыпты деңгейде.

ГРАФИКА МӘТІНІ:

Аймақтағы су айдындарының сапасына жүргізілген тексерістердің бүгінгі нәтижелері бойынша орташа ластанған өзендер қатарына: Есіл, Жабай, Беттұбұлақ, Шағалалы Сілеті өзендері енеді. Ластануы біршама жоғары саналатын өзен – Ащылы айрық.

Ал ең жоғары ластану деңгейі Қылшақты мен Ақсу өзендерінде тіркелген.

ГРАФИКА:

ӨЗЕНДЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫ:

ЛАСТАНУДЫҢ ОРТАША ДЕҢГЕЙІ – ЕСІЛ, ЖАБАЙ, БЕТТІ БҰЛАҚ, ШАҒАЛАЛЫ ЖӘНЕ СІЛЕТІ

ЛАСТАНУДЫҢ ОРТА ДЕҢГЕЙІ – АЩЫЛЫ АЙРЫҚ

ЛАСТАНУДЫҢ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙІ – ҚЫЛШАҚТЫ, АҚСУ

РКС: Көлдер мен ірі су айдындарының сапасын бақылау жұмыстары салыстырмалы түрде жүргізілуде.

СНХ: НҰРЖАН ҚОСПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЗЕРТХАНАЛЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Біздің өткен жылғы талдау нәтижелеріміз бойынша Қопа көліндегі судағы ластаушы заттардың мөлшерінің артуы анықталған жоқ. Яғни біз талдаған көрсеткіштердің барлығы негізгі нормалар шегінде. Олардың ішінде хлоридтер, сульфидтер, сульфаттар, нитраттар және басқа да ластаушы заттарды атап өтуге болады.

РКС: 2020 жылдан бастап халықтың экологиялық ақпаратқа ашық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «AirKz» интерактивті картасы мен мобильдік қосымшасы енгізілді. Бұл платформаларда атмосфералық ауаның сапасына қатысты ағымдағы және болжамдық деректер көрсетіледі.

РИЗА ЖҰПАРИЯ, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, МЕДЕТ ҚАЙРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ