ДИКТОР: Келер жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа салық кодексі күшіне енеді. Өзгерістер корпоративтік, сонымен бірге жеке табыс салығына да енгізілмекші. Елімізде жұмыс істейтін заңды тұлғалар резидент, сондай-ақ резидент емес төлеушілер болып қала береді. Бірақ, мемлекеттік органдар бұрынғыша салық төлеуден босатылады. Орта білім беретін оқу ұйымдары енді корпоративті салық төлемейтіндердің тізімінен алынып тасталады.
ГРАФИКАҒА ТЕКСТ: Жаңа кодексте корпоративтік табыс салығының сараланған мөлшерлемелері енгізіледі. Жалпы мөлшерлемесі – 20 процент. Бірақ, жекелеген салаларға ол басқаша болады. банктік қызмет (кәсіпкерлікті несиелендіруден бөлек) және ойын бизнесі үшін 25 процентке тең. Ауыл шаруашылығы өнімдері мен балық өндірушілер үшін 3, ал ауыл шаруашылығы копперативтеріне 6 процент болады. 2026 жылы коммерциялық ұйымдарды есептемегенде әлеуметтік сала үшін 5% және 2027 жылдан бастап мөлшерлеме 10 процентке жетеді.
КЕСТЕ:
КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫНЫҢ САРАЛАНҒАН МӨЛШЕРЛЕМЕСІ:
Жалпы мөлшерлемесі – салық салынатын табыстан 20%
ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІН ШЫҒАРУ:
25% - банктік қызмет (кәсіпкерлікті несиелендіруден бөлек) және ойын бизнесі
3% - ауыл шаруашылығы өнімдері мен балық өндірушілер үшін
2026 жылы 5% және 2027 жылдан бастап 10% - коммерциялық ұйымдарды есептемегенде әлеуметтік сала үшін
СНХ: БАУЫРЖАН ШӘЙКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Салық салынатын табысты азайту бойынша өзгерістер енгізілді, соның ішінде лизингтік келісімшарт бойынша сыйақы мөлшерін азайту қарастырылған. Ол 100%-дан 50%-ға дейін төмендетілді. Мемлекеттік құнды қағаздардан алынған табыстар алынып тасталды, ал борыштық құнды қағаздардан түскен табыс қосылды. Салық салынатын табысты азайту бойынша шығындар: әлеуметтік сала объектілері бойынша шығындардың табыстан артық болуы алынып тасталды. Автономды білім ұйымдарына мүлікті тегін беру шығындары жойылды. Өңдеу саласындағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өндірістік мақсаттағы ғимараттарды салу және оларды сатып алу шығындары алынып тасталды.
РКС: Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған шығындар бойынша жеңілдіктер 50-ден 200 процентке дейін ұлғайтылады. Сондай-ақ, арнайы экономикалық аймақтар, «Астана Хаб» жобасы және инвестициялық жобалар үшін жеңілдіктер сақталады. Теңіз тасымалдары бойынша келісімшарт жасайтын тасымалдаушыларға және мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа алған ұйымдарға да салықтық жеңілдік ұсынылады. Мұндай ұйымдар мүгедектердің саны мен белгілі бір шартқа сай болуына байланысты корпоративтік салықты 50 немесе 100 процентке дейін азайтады.
СНХ: БАУЫРЖАН ШӘЙКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мүгедектігі бар тұлғаларға арналған корпоративтік табыс салығы бойынша бөлек бап қарастырылған. Бұл 331-бап. Сондай-ақ, салықтан босатылатын ұйымдар келесі шарттарға сай келетін заңды тұлғалар ретінде танылады. Мүгедектігі бар тұлғалардың еңбекақысы жыл бойы барлық еңбекақы шығындарының кемінде 51%-ын құрауы тиіс. Осындай ұйымдар үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын азайту мүмкіндігі бар, бірақ бұл келесі шарттарды орындаған жағдайда жүзеге асады. Түсімдердің 90 процентімүгедектігі бар тұлғалар жұмыс істейтін ұйымның тауарларды сату, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету арқылы алынған болуы тиіс.Алынған табыс ұйымның қызметіне бағытталуы қажет.
РКС: Салықтың түрлі мөлшерлемесін төлеушілер енді өздерінің табыстары мен шығындарына бөлек-бөлек есеп жүргізуге міндетті.
ОКСАНА ЗИНЧЕНКО, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ