ДИКТОР: Ерейментау ауданындағы «Мамық» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы Әсет Секуов «Ауыл аманаты» бағдарламасының нақты пайдасын көргендердің бірі. Ол шаруашылығын кеңейтумен қатар, туған ауылында мал шаруашылығын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашты. Мемлекеттік қолдаудың аясында 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алып, 400 бас саулық қой сатып алған. Тілші баяндасын.

РКС: «Мамық» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі Бозтал ауылында орналасқан. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кооператив өз жұмысын жедел жүйеге қойып, негізгі екі бағыт қой шаруашылығы мен ірі қара мал өсіруді қолға алды. Кооперативтің басты жобасы – Торғай ауылындағы «Ерейментау-Астық 2014» кәсіпорны. Шаруашылықта жем-шөп дайындау мен малды асылдандыру үдерістері жолға қойылып, үйлесімді түрде жүзеге асырылуда.

СНХ: ӘСЕТ СЕКУОВ, «МАМЫҚ» АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Ауыл аманаты бағдарламасы бойынша 2,5% кредит алдық. 26 млн соммасы. Соған қой алдық. Қазір 400 бас қойымыз бар. 700 басқа дейін аналық қой ұстаймыз ба деген ойдамыз. Өзіміздің Ерейментау ауданында «Астық 2014» деген якорьный проектіміз бар. Откормплощадка.

РКС: Өндірістік кооперативтің төрағасы мемлекеттік бағдарламаның ауыл тұрғындарына шаруашылықты дамытып, өңір экономикасын нығайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға зор мүмкіндік беретінін айтып отыр. Биыл«Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру үшін облыс бойынша 2,5 млрд.теңге бөлінді. Өткен жылдан бері бағдарлама аясында 216 ауыл тұрғыны шағын несие алды.

ОКСАНА ЗИНЧЕНКО, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ