ДИКТОР: Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай «Алаш қайраткерлері» атты әдеби тайм өтті. Ақынның еңбектері мен мақалалары қойылған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шара барысында Алаш зиялыларының ерлігі мен «Алаш» идеялогиясының тарихи маңыздылығы айтылды.
РКС: Қазақтың алғашқы саяси демократиялық партияларының бірі – «Алаш». Ұлттың рухы мен руханиятына, ел тағдырына алаңдаған саяси қозғалыс. Шараға қатысқан қонақтар мен зиялы қауым өкілдері қазақтың тарихына ғана емес, мәдени өміріне сүбелі үлес қосқан Алаш қаламгерлерінің еңбегіне тоқталды.
СНХ: ҒАЛЫМТАЙ ТӨЛЕПБЕРГЕН, ТАРИХШЫ: Көкшетау сол заманда алаш қайраткерлерін шығарған үлкен ұяның бірі болатын. Себебі, жалпы қазақ съезіне 1,2-ші Орынборда өткізілген оған алаш қайраткерлері зор дайындықпен келді. Басылымдылар арқылы «Қазақ», «Айқап», «Сарыарқа», «Тіршілік» газеттер арқылы «Алаш» идеясы жан жақты талқыланды. Жер мәселесіне, ел басқару мәселесіне байланысты. Баспасөз, оқу, білім жүйесіне байланысты. Мысалы, Мәмбетәлі Сердалин алаш қозғалысының із ашарларын, Сұлтанғазы Уәлиханов бұл кісілер ел мәселесін, жер мәселесін алғашқылар болып қозғаған осы кісілер.
СНХ: АРУЖАН ЖАНДАР, КІТАПХАНАШЫ: Бұл жерде біз тек Міржақып Дулатұлының өмірімен ғана емес шығармашылығымен толықтай таныса аламыз. Ол тек қана Алаш қайраткері ғана емес, жазушы, ақын ретінде бізге таныс. Мына кітаптарда оның мақалаларын, яғни «Қазақ» газетіне жарияланған және алғашқы «Серке» газетінде жарияланған мақаласы да осы кітаптарда кездеседі. Бұл кітаптарда романдарын, өлеңдерін халқымызға рух беретін, оятын шығармаларын оқып, танып біле аламыз.
РКС: Алаш қайраткерлері қазақ ғылымының төлтаңбасы. Тұғырлы елдің іргетасын қалаған ұлт жанашырлары. Танымдық әдеби кеште Алаш арыстарын еске алған студенттер өз әсерлерімен бөлісті.
СНХ: КӘМШӘТ ӘШЕН, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Барша жастар өзіне үлгі алды деп ойлаймын. Өйткені қаншама жерімізді, тілімізді аман алып қалды. Біз осы берілген аманатқа қиянат жасамау керек екендігімізді түсіндік.
РКС: Кешегі тарих бүгін мен ертеңгі болашақтың құнды сабақтастығы. Ұлттың мерейін асыратын, ел тарихының жаңа парағын жазып, жаңа қоғам қалыптастыратын бүгінгі жастар. Қазақ қаламгерлерінің де, Алаш зиялыларының да аманаты осында.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ