ДИКТОР: Сандықтау ауданында жылу беру маусымы іркіліссіз өтуде. Балкашино ауылындағы орталық және блок-модульдік қазандықтар 486 жеке тұрғын үй мен 46 мемлекеттік мекемені, сондай-ақ әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз етеді. Коммуналдық кәсіпорын өкілі жылу беру маусымына дайындық алдын ала басталғанын атап өтті. Қазандықта жабдықтар жаңартылып, жылу беру жүйесі жаңғыртылды. Ауданда жаңа орталық қазандық та салынып жатыр. Оның іске қосылуы мен резерв қуатын ескерсек, шамамен 65 мың шаршы метр аумақ жылумен қамтылмақ. Биылғы жылу беру маусымына қажетті 6200 тонна көмір қоры бар.
СНХ: НАЗЫМБЕК КӘРІМЖАНОВ, «САНДЫҚТАУ-СУ» КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Орталық қазандықта сорғылар, түтінтартқының жабдықтары ауыстырылып, қуаттылығы ұлғайтылды. Көмірдің 2 айлық қоры бар. Жұмысшы күші жеткілікті. Жылу кестеге сай беріліп жатыр. Ешқандай оқыс оқиға орын алған жоқ, штаттық режимде жұмыс істеп жатырмыз. Жыл беру маусымын облыс әкімдігінің қаулісіне сәйкес уақытында бастадық. Алдымен әлеуметтік нысандар, ал қазанның 28-де барық абонент жылу жүйесіне қосылды.