ДИКТОР: Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасы күрделі жөндеуден өтті. Бұл «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылып отыр. Жаңадан жабдықтар сатып алынды.
РКС: Денсаулық сақтау мекемесін күрделі жөндеуге 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Оған нысанның сыртқы кіреберісі жаңартылып, балалар бөліміне де күрделі жөндеу жүргізілуде.
СНХ: САМАТ ИСЛАМОВ, АТБАСАР КӨПСАЛАЛЫ АУДАНАРАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: Күрделі жөндеуден басқа жаңадан медициналық жабдықтар сатып алынды. Оны сатып алу 2023 жылы жоспарланған еді. Бұл мақсатқа 702 миллион қаражат жұмсалды. Бесінші буынды Philips ангиографы сатып алынды. Сараптамалық кластағы ультрадыбыстық аппарат және соңғы үлгідегі бейнеэндоскопиялық құрылғы да сатып алынды. Жөндеу жұмыстары қазір толық аяқталды. Жаңа ғимаратқа көшіп, жұмысымызды бастап кеттік. Науқастарға операция да жасай бастадық. 10-ны қарашадан бастап ангиограф құрылғысы арқылы алғашқы отаны жасауды жоспарлап отырмыз.
РКС: Атбасарлық аурухана биыл "ауданаралық" мәртебесіне ие болды. Енді мұнда 5 ауданның 110 мыңнан астам тұрғыны қажетті ем-домды ала алады. Сондықтан, білікті және тәжірбиелі мамандарды тартуға ерекше екпін беріліп отыр. Олар үшін көтермеақымен қатар баспана да беріледі. Мәселен, жас маманға облыстық әкімшілік 5 млн.теңге көлемінде көтермеақы төлейді.
СНХ: ИСЛАМ БҮЛТЕНОВ, АТБАСАР КӨПСАЛАЛЫ АУДАНАРАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Былтыр 14 дәрігер жұмысқа қабылданды. Олардың 5-уі жалпы тәжірибе дәрігері. 2 неонатолог, 1 реанимация маманы және терапевт, эндокринолог, травматолог, нейрохирург пен рентгенолог дәрігері де бар. Бүгінгі таңда 3 маман бойынша тапшылық бар. Нақтырақ айтқанда бізге әлі фтизиатр, акушер-гинеколог және онколог дәрігерлері қажет.
РКС: Күрделі жөндеуден өткен ауруханаға көз тояды. Сатып алынған жаңа жабдықтардың арқасында ем алу біршама жақсарған. Білікті мамандардың арқасында енді облыс орталығына қатынаудың қажеті жоқ.
СНХ: НЕСІБЕЛДІ ИТЖАНОВА, НАУҚАС: Мұнда ғасырлық тарихы бар ескі аурухана болған еді. Енді міне көптен күткен жаңа ғимарат. Біз Атбасар ауданының тұрғындары жаңа аурухананың құрылысын және ашылуын асыға күттік. Қазір жаңа ғимаратымыз әдемі. Қажеттінің бәрі бар. Жаңа құрылғылар, ыстық су, кең палаталар. Қарасаң көзің тоймайды. Тіпті, жас мамандар да келіп жатыр.
РКС: Былтыр Атбасар ауданына қарасты Сочинское ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Биыл дәл осындай денсаулық сақтау нысаны Сергеевка ауылында да бой көтеруде. Сондай-ақ, Новосельское елдімекенінде жаңа медициналық мекеменің құрылысы аяқталуға жақын.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҚАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ