ДИКТОР: Ақмола облысының әсем табиғат аясында «Zerenda Half Marathon–2025» спорттық шарасы өтті. Қатысушылар орман жолдары мен көл жағасы бойымен жүгіріп, спортпен айналысуды, табиғатты сүюді және салауатты өмір салтын дәріптеуді бірлестірді. Бұл ауқымды шараның қалай өткенін келесі сюжеттен көре аласыздар.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Биыл бұл спорттық шараға Қазақстанның әр өңірінен келген 1400-ге жуық қатысушы жиналды. Қатысушыларға балалар мен ересектерге арналған – 500 метрден 30 шақырымға дейін қашықтық ұсынылды. Жыл сайын шараға қызығушылық артып келеді, ал Зеренді өңірі спорттық туризмнің танымал орталығына айналуда.-дейді ұйымдастырушылар.
СНХ: ПАВЕЛ ТЕНЦЕР, ЖАРЫСТЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ: Шамамен 10 елден қатысушылар жиналды. Олар – әртүрлі жастағы, әртүрлі елден келген адамдар. Жасы ең үлкені – 78-де, ал ең кішкентайлары – небәрі 4 жастағы балалар. Зеренді марафоны біз үшін – Қазақстандағы ең әдемі жартылай марафон. Біз тіпті өзімізге осындай ұран қойдық десек те болады. Өйткені мұндағы табиғат керемет! Адамдар бұл жерге жай ғана жарысу үшін емес, демалыс пен спортты қатар сезіну үшін келеді.
РКС: Қатысушылар жарыс бағыты жеңіл болмаса да – ерекше шабыт сыйлағанын атап өтті. Әр қадам сайын сезілетін таза ауа, жайлы да тегіс жол, айналаны бояуға бөлеген Зеренденің алтын күзі – бәрі де сайыстың рухын көтеріп, атмосфераны мерекелік күйге бөледі.
БЛИЦ:
- Я из Алматы. Трассы хорошие, погода хорошая. Өте жақсы, керемет. Бәрі қатты ұнады.
- В конце трасса тяжеловата. Я тренер бегового клуба из Петропавловска.
- Я приехал из Омска. Впечатления классные. Трасса очень сложная, ветреная. Погода холодная. Но в целом кайфанули.
РКС: Марафон күзгі көңіл күй мен спорттық бірліктің символына айналды. Әр санаттағы жеңімпаздар лайықты марапаттарға ие болды. Дегенмен, ең басты жүлде – эмоция, сергектік пен қозғалысқа деген сүйіспеншілік- дейді қатысушылар.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ