ДИКТОР: Ақмола облысының зейнеткерлері мерекелік төлемдер алады. Қарттар күніне орай өңірде аға буын өкілдеріне біржолғы әлеуметтік қолдау қарастырылған. Біржолғы төлемді зейнетақысы төменгі мөлшердегі 34 мыңнан аса зейнеткерге беріледі.

РКС: Қолдау мөлшері 2-ден 5 айлық есептік көрсеткішке дейін болады. Бұл шамамен 7 мың 864 теңгеден 19 мың 660 теңгеге дейінгі соманы құрайды. Облыс бойынша төлемдердің жалпы көлемі 396 миллион теңгеден асады. Қаржыландыру аудандық және қалалық бюджеттерден бөлінуде. Маңыздысы – қаражат автоматты түрде аударылады, ешқандай өтініш берудің қажеті жоқ. Мәліметтер зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан алынады.

СНХ: ЕРЛАН МҰХАМЕДИН, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бурабай және Целиноград аудандарында – төлемдер зейнетақы мөлшеріне қарамастан барлық зейнеткерлерге қарастырылған. 2025 жылға Қазақстандағы ең төменгі зейнетақы мөлшері 62 мың 771 теңгені құрайды. Төлемдер өтініш берусіз жүргізіледі. Яғни зейнеткерлер туралы деректер зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың базасынан автоматты түрде алынады.

РКС: Айта кетейік, Ақмола облысында зейнеткерлерге әлеуметтік қолдау мәслихат бекіткен ережелер негізінде көрсетіледі және жергілікті бюджеттің мүмкіндіктеріне байланысты болады.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ