ДИКТОР: Көкшетаудың жағалауында «Болашаққа бірге жүгіреміз» атты жүгіру марафоны өтті. Бұл шара Қазақстан кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығымен Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына орай ұйымдастырылды.
РКС: Шараны облыстық кәсіподақтар бірлестігі ұйымдастырды. Бұл жүгіру жарысы - ынтымақтастықтың құндылығын көрсетіп қана қоймай, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
СНХ: ҚАЛИ РАХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бұл – Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының республика бойынша ұйымдастырған алғашқы ынтымақтастық жарысы. Біз бұл жүгіру жарысын енді жыл сайын дәстүрге айналдыруды көздеп отырмыз. Қызметкерлеріміздің дені сау, күш-жігері мықты болу керек.
РКС: Шараға 70-ке жуық адам қатысты. Олар кәсіподақ мүшелері, белсенді өмір салтын ұстанушылар және өңір тұрғындары. Мәреге алғаш болып жеткендер естелік сыйлықтарға ие болды.
СНХ: МАРАТ ҚОЙШИН, "МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПОДАҒЫ" ҚБ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Кішкене жаңбыр кедерге жасады. Бірақ оған қарамастан 70 қатысушы болды.
РКС: Облыс орталығындағы жағалау маңындағы жүгіру жарысы салауатты өмір салтын ұстану, кәсіподақ қызметкерлері арасындағы ынтымақтың жарқын символына айналды, - дейді ұйымдастырушылар.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ