ДИКТОР: Сайлау кезеңіндегі негізгі міндеттердің бірі - сайлаушыларды ақпараттандыру.

Ақмола облысында халыққа ақпарат жеткізу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Барлық шара заңнамаға сәйкес қатаң жүзеге асырылады.

РКС: Әр сайлау науқаны аясында өңірде аумақтық комиссиялар белсенді ақпараттық жұмыс жүргізуде. Аумақтар мен елді мекендерде ақпараттық баннерлер орнатылып, бейнероликтер LED экрандарда, қоғамдық көліктерде, теледидар мен радио эфирлерде көрсетілуде.

СНХ: АЛМА БЕКЕНТАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Мүгедектігі бар адамдар үшін ақпараттық аудиороликтер мен буклеттер дайындалады. Сондай-ақ, инватакси мен ымдау тілі мамандарының қызметіне жүгінеміз.

РКС: Ресми ақпарат көздеріне айрықша назар аударылуда. Облыс әкімдігінің ресми сайтында, сондай-ақ барлық аудан мен қала әкімдіктерінің порталында «Сайлау» атты бөлім бар. Онда сайлаудың өтетін күні жарияланғаннан бастап дауыс беру қорытындыларына дейінгі толық ақпарат орналастырылған. Ал сайлауға 10 күн қалғанда әрбір сайлаушыға QR-коды бар жеке шақыру қағазы табысталады. Бұл QR-код арқылы кандидаттар туралы мәліметтер орналасқан сайтқа өтуге болады.

СНХ: АЛМА БЕКЕНТАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 2023 жылдан бастап барлық сайлау комиссиясы тұрақты кәсіби негізде жұмыс істейтінін атап өткім келіп тұр. Әр комиссияда сайлау науқанын ақпараттық қамтамасыз етуге жауапты бір мүше бекітілген. Аудандық және қалалық аумақтық сайлау комиссияларының әрқайсысында міндетті түрде Facebook әлеуметтік парақшасы болады. Сондықтан кез келген сайлау науқанына қатысты ақпарат сол парақшада жарияланып отырады.

РКС: Ақпараттандыру ашық және әділ сайлаудың негізі. Сайлау комиссияларының жүйелі жұмысының арқасында жергілікті тұрғындар қажетті ақпаратқа уақтылы қол жеткізеді.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ