ДИКТОР: Көкшетаудавғы көшелерді жаңғыртуға, сондай-ақ орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 4 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Биыл 30 шақырымға жуық жолды жөндеу жоспарланып отыр. Тілшіміз жалғастырады.

РКС: Қала ішіндегі жолдардың ұзындығы 286 шақырым. Соның 31 процентінің тозығы жеткен. Қазір қала ішіндегі жолдар мен көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

СНХ: АҚЖОЛ ҚЫЛЫШБАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Назарбаев көшесі, Әуезов көшесін, одан басқа Кенесары, Абай көшесі бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда Красный яр, яғни Қызылжар жолын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Одан басқа Ақан сері, Әуелбеков көшелері, Сәкен Жүнісов көшесі бойынша жұмыстары жалғасып жатыр. Аталған жұмыстарды тамыз айының соңына дейін аяқталу жоспарланып отыр. Одан басқа қала бойынша 100-ден астам аула аймақтарын жөндеу жұмыстары басталды. Оған 1 миллиард теңге бөлінді. Бұл жұмыстарды қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа 140-тан астам автобус аялдамалары ауыстырылатын болады. Оған 300 миллион теңге бөлінді.

РКС: Красный Яр ауылына баратын жолда да жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл учаскеде 20-дан астам адам және арнайы техника жұмылдырылды. Жөндеу жұмыстары қыркүйек айында аяқталмақ.

СНХ: ВАЛЕРИЙ ТИМОХОВЕЦ, «КӨКШЕТАУ ЖОЛДАРЫ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ: Аталған учаскеде мердігер ұйым – «Көкшетау жолдары» серіктестігі жұмыс жүргізіп жатыр. Қазір қолданыстағы асфальт-бетон жамылғысын фрезерлеу жұмыстары аяқталды. Қазір асфальт-бетонның төменгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар мамыр айында басталды.

РКС: Сондай-ақ, Бәйкен Әшімов пен Ақан сері көшелеріне дейінгі аралықтағы Мәлік Ғабдуллин көшесінің жөндеу жұмысы бірнеше жылға созылып келеді. Жуыр арада аяқталады деген жоспар бар.

СНХ: ЖОМАРТ КҮТЕРБЕКОВ, «КӨКШЕТАУАВТОДОР» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ: Шілденің 20-да Әшімов көшесі бойынша көлік қозғалысын ашуымыз керек. Қазір бұл жолды қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Әрине, бірқатар мәселе бар. Негізгі проблема – энергетикаға қатысты. Жоғары кернеулі кабельдерді үзіп алмау үшін арнайы олардың өкілін шақырамыз. Бірақ олар келуден бас тартады. Кабельдер үзілген кезде ғана келеді. Учаскеде 12 адам, 5 түрлі техника жұмыс істеп жатыр. Техника жетіспеген жағдайда басқа учаскелерден алып келеміз.

РКС: Сондай-ақ, Жайлау шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердегі аулаларды күрделі жөндеу жұмыстары соңғы 3 жыл бойы жалғасып келеді. Жауаптылар бұл жобаны биыл аяқтауды жоспарлап отыр.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.