ДИКТОР: Целиноград ауданында құрылыс саласында бірқатар кемшілік орын алып отыр. Мерзімі кешіктіріліп, жұмыс толық аяқталмаған. Облыс әкімі Марат Ахметжанов аудандағы әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылу барысын сынға алды. Тұрғын үйлер ғана емес, денсаулық сақтау саласы нысандары мен жол инфрақұрылымы да басты назарда.

РКС: Төңкеріс ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт салынды. 528 адам тіркелген. Ғимарат дайын болғанымен әлі күнге дейін қызмет көрсетіліп жатқан жоқ. Өйткені, су мен электр жарығы тартылмаған. Облыс әкімі қысқа мерзім ішінде медициналық пунктті іске қосуды қатаң міндеттеді.

ЛЮФТ: ЛЮФТ: Вам до 1 сентября, все должны работать! Люди должны быть укомплектованы, и не просто вот так стоять, а обслуживать качественно население, должны быть медперсонал здесь, чтобы в Акмол или Кокшетау не ездили!

РКС: Бұдан бөлек, аймақ басшысы Төңкеріс ауылындағы көше-жол желісінің күрделі жөндеу барысымен танысты. Тоғыз шақырымнан астам аумақта жұмыс жүріп жатыр. Бірақ, облыс әкімі Марат Ахметжанов әр кезеңнің маңыздылығына тоқталды. Сапа мен жұмыстың орындалу мерзіміне сыни көзбен қарау керектігін ескертті.

СНХ: МАКСИМ ЧИЯНОВ, СЕРІКТЕСТІКТІҢ БАС ИНЖЕНЕРІ: Осы жылы Төңкеріс ауылының жолдары толық жөнделеді. Жаяу жүргіншілер жолы жасалып, көшелерге жарық орнатылады. Қазір жолдың төменгі қабатына асфальт жабыны төселді. Жуырда толық аяқталады. Ал жоғарғы қабатының жұмысы 40 процентке жасалды. Қазанның 1-не дейін нысанның құрылысын толық аяқтаймыз деген жоспарымыз бар.

РКС: Ақмол ауылында бірнеше құрылыс алаңы бар, бірақ олардыі бәрінде жұмыс қызу жүріп жатыр деп айту қиын. Мұнда 30 пәтерлі несиелік 10 үйдің құрылысы бес жылға созылып кеткен. Құрылыс қарқыны төмен, мердігерлермен келісімшарттар бұзылған және жаңа тендер жоқ. Наурыз айында аудан тұрғындарына жаңа үйдің кілттері салтанатты түрде табысталды. Бірақ арада төрт ай өткенімен, қолданысқа берілген жоқ. Домофон орнатылмаған, абаттандыру аяқталмаған, шатырдың қоршауы жоқ.

СНХ: АЗАМАТ БАЙҚУАНЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Осы позициялар бойынша бұл жерде мердігерлер жұмыс істеп жатыр, бірақ өте баяу. Қаңтар-маусым айларының қарқынын слайд арқылы көрсек, өте сылбыр.

РКС: Аудан әкімі екі тұрғын үй тамыз айының соңына дейін пайдалануға беріледі деп сендірді. Жыл соңына дейін тағы екі үйдің құрылысы аяқталмақ. Қалған алтауы келесі жылы қолданысқа енгізіледі. Қараөткел ауылында аймақ басшысы Марат Ахметжанов су құбыры желілерінің құрылысы бойынша ірі жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты. Ұзындығы 113 шақырымнан асатын жобаның құны шамамен 6,8 миллиард теңге. Келер жылдың үшінші тоқсанында аяқталады деген болжам бар. Сондай-ақ облыс әкіміне газ құбыры мен тарату желілерінің құрылыс барысы туралы баяндалды. Тек Қараөткелде шамамен 185 шақырым, әлі жартысы да орындалмаған. Мерзімі тығыз. Қызылсуат ауылында тағы бір ауқымды жоба — сумен жабдықтауды қайта жаңғырту жұмысы қолға алынған. Жұмысшылар жыл соңына дейін 79 шақырымнан астам құбыр тартып, жүздеген құдық орнатып үлгеруі керек. Целиноград ауданындағы сақалды құрылыстарды аяқтау, инфрақұрылымды дамыту мәселелері облыс әкімдігінің бақылауында болады.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.