ДИКТОР: Көкшетауда Металлургтер күні жоғары деңгейде аталып өтілді. Кәсіби мерекеге орай орталық алаңда мерекелік концерт ұйымдастырылды. Сахна төрінде жергілікті өнерпаздармен қатар өнер жұлдыздары да арнайы шақырылды. Әсем әуен мен жылы лебіздер - темір мен оттың арасында табандылықпен еңбек етіп жүрген металлургтерге арналған құрметтің көрінісіне айналды.

РКС: Мерекелік кештің құрметті қонағының бірі - танымал әнші Мәди Қадыров. Оның әсерлі орындауы көрермендердің зор қошеметіне ие болды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: МӘДИ ҚАДЫРОВ, ӘНШІ: Асалаумағалейкум, құрметті Көкшетау қаласының тұрғындары мен қала қонақтары. Бүгін Металлургтер күні деп, концертке келген жайымыз бар. Сол енді халыққа керемет көңіл-күй сыйлаймыз деп үміттенеміз. Тек қана жақсылық осы қалада бола берсін деп тілейміз.

РКС: Жүздеген көкшетаулық мерекенің шат-шадыман атмосферасын сезінді. Кештің нағыз көркін ашқан өнер көрсетілімдерінің бірі - «Адай» триосы. Ұлттық аспаптарда шеберлікпен орындалған этно-композициялар ешкімді бейжай қалдырмады.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: "АДАЙ" ТРИОСЫ: Сіздердің қалаларыңыз өте әдемі, тамаша әсер алдық. Мұнда келгенімізге қуаныштымыз. Біз Павлодар қаласынан келдік. Көкшетау қаласы біздің Павлодарға ұқсайды екен. Далада күн жылы, ауа райы керемет. Бізді өте жақсы қарсы алды. Сіздерге үлкен рақмет! Бұл жерде өте белсенді, жайдары жандар тұрады екен. Тағы да мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

РКС: Көкшетауда Металлургтер күнін тойлау дәстүрге айналған. Жыл сайын қала тұрғындары үшін мерекелік бағдарлама әзірленеді.

СНХ: УӘЛИХАН МҰХАМАДИЕВ, ШАРАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Біз жыл сайын қала тұрғындары мен қонақтары үшін концерт ұйымдастырып келеміз. Отандық танымал өнер иелерін шақырып, есте қаларлық әрі ерекше шара өткізуге тырысамыз. Мұның бәрін- тұрғындар мен біздің кәсіпорын қызметкерлерінің қуанышына бөленіп, мерекелік көңіл - күй сыйлау үшін жасаймыз.

РКС: Көкшетауда Металлургтер күні мерекелік көңіл-күй мен шынайы құрметтің жылы аясында есте қаларлықтай аталып өтті. Бұл күн әрбір еңбеккердің жүрегіне қуаныш пен мақтаныш ұялтты. Мерекелік шараны соңғы жылдары көрерменнің жүрегінен жылы орын алған эстрада жұлдызы, Көкшетауға арнайы келген Қазбек Құрайыш түйіндеді.

ИНТЕРШУМ:

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ