ДИКТОР: Ақкөл ауданының аумағында орналасқан адамгершілік пен ізгіліктің мекеніне айналған «Қамқор» әлеуметтік орталығына биыл 20 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында орталық ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетіп, мыңдаған адамның үміт отын жақты.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Қазір орталықта нейропсихиатриялық аурулары бар 369 мүгедек тұрады. Орталық мамандары оларға тәулік бойы қызмет көрсетеді. Мекеме мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға, қоғамға бейімдеп, әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге үлес қосуда.

СНХ: НАЗАРБЕК КӨКЕН, «ҚАМҚОР» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Ол кісілер 8 түрлі қызмет алады. Сол қызметтерді 280 қызметкеріміз бар сол қызметкерлер қызмет алушыларға қызмет көрсетеді. Яғни біз оларға барлық жағдайды, үйінде жағдай болу керек соның бәрін жасадық. Ол кісілер мәдени қызметтер, спорттық қызметтер, тұрмыстық қызметтер барлығын алады. Астана қаласында қазіргі уақытта бір ғана мекеме.Осы біздің елорданың психо-неврологиялық ауытқушылығы бар адамдардың барлығы біздің орталықта қызмет алады. Біз оларды жұмысқа орналастырамыз, әлеуметтендіреміз. Алдағы уақытта үлкен проектоларымыз бар. Осы кезде отау құрып , семья құрып балалы болып жатқан қызмет алушыларымыз бар. Шамамен осы 20 жылдың ішінде 50-ге жуық қызмет алушы қоғамға қайта қайтты.

РКС: Мерейтой аясында орталықта салтанатты шара ұйымдастырылды. Шараға бұрынғы тәрбиешілер, әріптестер мен серіктестер қатысып, орталықта жұмыс істеген кездеріндегі естеліктерімен бөлісті.

СНХ: МЕЙІРБОЛАТ ЖАҚЫПОВ, «МЕМЛЕКЕТТІК, БАНК МЕКЕМЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Өте, әрине, оңай емес жұмыстары қиын. Бір жағынан әрине, мемлекет те, жақсы көмек көрсетіп жатыр. бірақ, әлі ол енді жеткілікті деп айтуға болмайды. Біз кәсіподақ ретінде соны айтып жүрміз: «Жалақыларын көтеру керек» - деп, жағдайларын. Неге десеңіздер, бұл жерде психоэмоциналдық еңбек өте ерекше басқа мекемелерге қарағанда. Енді, мына жас басшыларының, еңбектеріне, қызметкеріне қанағат. Қандай жағдайлар жасалған. Тек әлгі емделу емес, тек әлгі бағу емес, оларға мына қоғамға шығуға дайындап, емделу жағын да жақсы ойластырылған. Бәрін үйретіп жатыр. Солай болу керек, неге десеңіз біздің Президентіміз айтқандай, біз әлеуметтік қоғам, әлеуметтік мемлекет құрып жатырмыз. Соған әлі жұмыс істеуіміз керек.

СНХ: СТАНИСЛАВ СИГАРЕВ, ПАРАЛИМПИАДАШЫ: Бұл мекемеге 2005 жылы келгенмін. Ғимаратымыз керемет, барлық жағдай жасалған. Қызметкерлер, мейірбикелер де жақсы қарайды. Спорттың барлық түріне қатысамыз. Өз басым үстел теннисіне қатысамын. Жақында Өскеменге сайысқа барып, бірінші, екінші орынды иеленіп келдім. Алдағы уақытта түрлі жарысқа қатысып, Қазақстанды, осы Қамқордың атын шығарсам деймін. Ем-домдарымызды уақытылы береді, тамақтары өте жақсы. Мұражайға, Бурабайға экскурсияға барып тұрамыз. Бәріне алғысым шексіз. Егер мені жақындарым көріп отырса, оларға да сәлем жолдаймын, мен аман-есенмін.

РКС: 20 жыл — үлкен белес. «Қамқор» ұжымы алдағы уақытта да қызметін кеңейтіп, әлеуметке қажет жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Қоғамда мейірім мен жан жылуын тарататын осындай орталықтар көбейсе, ерекше жандардың өмірі де жарқын болары сөзсіз. Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

ИНТЕРШУМ:

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ