ДИКТОР: Бүгіндері Ақмола облысында цифрлық трансформацияға жүйелі әдіс жүзеге асырылуда. Оның мақсаты – мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және халықты тұрғылықты жеріне қарамастан заманауи цифрлық сервистерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету.

РКС: Білім беру саласында AI Mektep жобасы жүзеге асырылып жатыр. Мектептерде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жасанды интеллект элементтері бар бейнебақылау жүйелері енгізілуде. Жуық арада шалғай ауылдық елдімекендерде телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 16 миллиард теңге көлемінде инвестиция тарту жоспарланған.

СНХ: МӘДИНА АЗДАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: (аударма): «Ауыл online» жобасы аясында 278 ауылды жоғары жылдамдықты интернетпен қамту басым бағыттың бірі. Сонымен қатар, денсаулық сақтауға қатысты да жоба қолға алынуда. Ол – Ascie деп аталады. Бұл жүйе дәрігерлерді қағазбастылықтан арылтып, емдеуге басымдық беруді көздейді.

РКС: Цифрландыру мемлекеттік қызмет көрсету саласында да кеңінен енгізілуде. Бұл бағыттағы ең тиімді құралдың бірі – eGov Mobile мобильді қосымшасы. Аталған қосымша тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алуға мүмкіндік бермек.

СНХ: НӘДІР ҚҰРЫМБАЕВ, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Тек өткен жылдың өзінде қазақстандықтарға құжаттардың жарамдылық мерзімі туралы ескертулер, мектепке қабылдау, жәрдемақы тағайындау, гранттар беру және өзге де құттықтаулар түрнідегі 336 миллионнан астам хабарлама жіберілді. Біз eGov Mobile қосымшасын қарапайым әрі ыңғайлы етуге баса мән беріп отырмыз. Былтыр «Ұлттық қор – балаларға», «Стопкредит», «Көлік иесінің тарихы», «Құмар ойындардан өз еркімен бас тарту» сынды танымал сервистер іске қосылды. Мысалы, қазір жүргізуші куәлігін санаулы секундатарда ауыстыруға болады. Бұл қызметті 7 мыңнан астам қазақстандық пайдаланып үлгерді.

РКС: Аймақтағы цифрландыруды кешенді дамыту мемлекеттік басқарудың заманауи, ашық әрі тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Бұл процестің бастауында азаматтардың мүддесі мен қолайлылығы тұрғанын айта кету керек.

БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ