ДИКТОР: Бурабайда шетелде тұратын қазақ балаларына арналған «Жас қазақ» этнолагерінің салтанатты жабылу рәсімі өтті. Айта кетейік, екі аптаға созылған лагерьге әлемнің әр түкпірінен 150-ге жуық этникалық қазақ баласы келді. Олардың барлығы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар» қоры ұйымдастырған түрлі білім және шығармашылық бағыттағы байқаудың жеңімпаздары. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.

РКС: Сайдың тасындай іріктеліп, «Жас қазақ» этнолагеріне жолдама алған дарынды жастардың қатарында Моңғолиядан келген Ақниет Өмірбекұлы да бар. Ол Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған халықаралық «Әл-қисса» онлайн домбыра байқауында жүлделі 2-ші орынды иеленіп, осы лагерьге қатысу мүмкіндігіне ие болған. Ақниет үшін бұл сапар - атажұртымен алғашқы жүздесуі. Оның айтуынша, қазақ даласының сұлу табиғаты, әсіресе Бурабайдың көркем көріністері көңілін бірден баурап алған. Шынайы өмірде бұл жердің табиғаты әлдеқайда әсерлі екен, - дейді ол.

СНХ: АҚНИЕТ ӨМІРБЕКҰЛЫ, ДЕМАЛУШЫ (МОҢҒОЛИЯ): Бізде Нұрғиса Тілендиев атамыздың 100 жылдығына орай «Әл-қисса» атты онлай домбыра байқауы болған. Онда 10 елден қатысты қателеспесем және де мен 2-ші орын алдым. Солай лагерьге жолдама алдым. Лагерьге бірінші рет қатысып, Қазақстанға бірінші рет келуім. Мұндай деп ойламаппын. Мына Бурабай деген жерді бұрын естігенімен, бірақ мұндай табиғаты бар деп ойламадым. Мен ойлағаннан да барлығы күшті болып шықты. Маған өзіме қатты әсер қалдырды. Мұндағы адамдар, ұстаздар, барлық елден келген балалар өз салт-дәстүр мәдениетін көрсетіп, таныстырды. Қуаныштымын.

РКС: Айта кетейік, 2019 жылдан бастау алған «Жас қазақ» этнолагері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар» қорының ұйымдастыруымен биыл 5-ші рет өткізіліп отыр. Бұл жолы лагерьге АҚШ, Қытай, Ресей, Моңғолия, Түркия, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты әлемнің 10-нан аса елінен 150-ге жуық қаракөз бала қатысты. Лагерь Бурабай курортты аймағындағы «IQanat» мектебінің базасында ұйымдастырылды. Екі аптаға созылған лагерьде балалар қазақтың дәстүрі мен мәдениетімен етене танысып, ұлттық өнердің қыр-сырын меңгерді.

СНХ: ДАНИЯР ҚАДЫРОВ, «ОТАНДАСТАР» ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Енді 21 күннің ішінде біздің қаракөздеріміз негізінен қазақ тілін, тарихын, домбыра ойнауды үйренді, киіз үй тігу үйренді, содай-ақ зияткерлік ойындар болды. Қолөнер үйірмелері болды. Бұл лагерьге келу үшін іріктеу болған, эссе жазудан, мәнерлеп оқудан, домбыра ойнаудан, ән айтудан – сол сайыстардың жеңімпаздары келіп отырған. Осы 3 аптаның ішінде балалар бір-бірін танып, бір-біріне бауыр басып қалды. Өз елдеріне қайтқанда да, қайда болса да бұл өмірбақи жадыларында қалады. Қазақстан дегенде бір құлағы елеңдеп тұрады.

РКС: Этнолагерьдің салтанатты жабылу рәсімінде екі апта бойы ерекше көзге түскен оқушылар Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Кеш соңында қаракөз балалар тағы бір мәрте өз өнерін ортаға салды.

ИНТЕРШУМ:

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ