ДИКТОР: Ақмола облысында жасанды интеллекттің көмегімен дәрігерлер қағазбастылықтан құтылуға мүмкіндік алып отыр. Ascle AI стартап жобасы әзірге өңірдегі екі емханада тестілеуден өтуде. Науқастың амбулаторлық картасын автоматты түрде толтыратын тың технология ақ халаттылардың уақытын 40 %-ке дейін үнемдейді.

РКС: Ақылды технология әдетте компьютерден бас алмайтын дәрігердің жұмысын мүмкіндігінше жеңілдетіп отыр. Тіпті, науқастың клиникалық жағдайын сараптап, диагноздың бірнеше түрін ұсынады. Сөйтіп, дәрігер біреуін таңдап, ем тағайындайды.

СНХ: ТІЛЕУҚАБЫЛ ҚАЛЫБАЕВ, ДӘРІГЕР: Бізге көбінесе науқастар келген кезде шағымданады. Көбінесе компьютермен дәрігерлер отырады деп. Қазіргі кезде аскл платформасы шыққалы бері пациенттер өзінің шағымдарын айтып, микрофонға, біздің компьютерімізге тілекелей жазылады. ҚР протоколы бойынша 3-4 болжамды диагноз береді.

РКС: Стартап жоба дәрігерге операциялық процестерді оңтайландыруға көмектеседі. Сөйтіп, оның науқасқа көбірек көңіл бөліп, нақты емдеумен айналасуына мүмкіндік беріп отыр. Ақылды технологияны алдағы уақытта өңірдегі 20 емханаға енгізу жоспарлануда.

СНХ: АЙНАГҮЛ МОЖЫБАЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жаңа бағдарламамен қабылдап жатыр екен. Пилотный программа дей ма. өте жақсы өтті прием. Өте ыңғайлы екен. Бұрынғыдай иин сұрамайды, тек қана фотомен ақпарат бәрі шығады екен. Прием өте тез өтті, жақсы өтті.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ