ДИКТОР: 15 сәуір — қазақ халқының мәңгілік махаббат символына айналған Қозы Көрпеш пен Баян сұлуға арналған күн. Бұл күн — нағыз махаббат пен адалдықтың мерекесі. Қозы мен Баянның аңызға айналған махаббаты ғасырлар бойы жырланып, қазақ әдебиетінің баға жетпес мұрасына айналды. Осыған орай бүгін Көкшетауда ерекше форматтағы кездесу өтті. Шараны Ақмола облыстық жастар ресурстық орталығы мен «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі бірлесіп ұйымдастырды.

РКС: Бұл күн нағыз көктем шуағын шашып,күн сәулесі барлық адам баласын нұрымен жылындыра бастайтын шағы,яғни жаңа бастаудың,көктемнің нақ ортасы. Махаббат күні ретінде атап өтілетін бұл мереке жастарға сүйіспеншіліктің, сенім мен адалдықтың мәнін ұғындыруды көздейді. Бұл — қазақтың төл «Ғашықтар күні». Бұл күні сүйіктілер бір-біріне ілтипат білдіріп, жүрек сөздерін арнап, мәңгілік махаббатқа сенім білдіреді.

 СНХ: МАҚПАЛ ЖАНАРЫСОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Бұл іс-шараға бізде жастар, жас жұптар қатысып жатыр. Біздің мақсатымыз жастарға отбасылық құндылықтар бойынша, психология бойынша қандай критерийлер бар екенін көрсету.

РКС: Кездесуде махаббатқа деген көзқарас, сенім, жауапкершілік, өзара құрмет пен жанұялық құндылықтар туралы терең ой қозғалды.

 СНХ: АЛМАСБЕГ БЕГЗАН, "ӘКЕЛЕР ОДАҒЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ КӨКШЕТАУ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Ғашықтық қашықтыққа қарамайды. Ғашық болу бір басқа, өмірін, салтын ұстанып, отбасы болып кету бір басқа. Жалпы жастарға айтарым, өздерінің құндылықтарына байланысты өмірлік серікерін тандаса екен деймін. Сол кезде біздің отанымыздың болашақ жастарының, жас семьялардың берік болуына әкеліп соғады. Жалпы жастарға айтарым, біреуді таңдамас бұрын өзін зерттеп алған дұрыс.

РКС: Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жобалар жастардың тұлғалық дамуына, бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас орнатуына және ұлттың рухани құндылықтарын сақтауына септігін тигізеді. Махаббат мәдениеті - тек сезім емес, бұл сенім, сыйластық және жауапкершілік. Осы ұстаныммен өскелең ұрпақтың бойына адами құндылықтар дарыту - бүгінгі қоғамның басты міндеті.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ