ДИКТОР: 90-ға тарта мемлекеттік қызметкердің құқығы қайта қалпына келтірілді. Осы саладағы мамандардың қатарын толықтыру, олардың біліктілігін арттыру және ашық конкурстар өткізу мәселелері өзекті. Бұл салада атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі де жаман емес. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг барысында облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментінің басшысы Думан Әбілев осы мәслелерге егжей-тегжейлі тоқталып өтті.
РКС: Іссапар шығындарының төлемі белгілі межедегі көрсеткіштен асып кеткен деректер де аз емес. Жыл басынан бері осыған қатысты 157 факті анықталған. Сомасы 3 миллион теңгеге жуық. Қазір соның 300 мың теңгесі ерікті түрде қайтарылған. Қалған қаражатты қайтаруға қатысты жұмыстар жалғасуда.
СНХ: ДУМАН ӘБІЛЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: «Мемлекеттік қызмет істері» саласындағы бақылау бағыты бойынша департаменттің өз құзыреті шегінде азаматтардың 67 өтініші қаралды. Мемлекеттік органдардың қызметіне 9 тексеріс, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтау бойынша 4 талдау өткізілді. Сондай-ақ, Әдеп Кодексі бойынша 4 жөніндегі Кеңестің 1 отырысы ұйымдастырылды.
РКС: Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету бағыттары бойынша 6 тексеріс жүргізілген. Оның барысында 3 мыңнан астам заңсыздық анықталды. Қызмет алушылардан келіп түскен 150-ге тарта арыз-шағым қаралды. Мемлекеттік қызметтер саласында заңсыздыққа жол берген 16 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Олардың 9-ы – басшылық қызметтегілер.
СНХ: ДУМАН ӘБІЛЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Ақпараттық жүйелердегі ақаулардың салдарынан бұған дейін жекелеген көлік құралдарын мсемлекеттік тіркеуге байланысты бас тартылған. Департаменттің араласуынан кейін 187 азаматқа мемлекеттік қызмет көрсетілді. Сондай-ақ департаменттің тексерісінен кейін 84 ақмолалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы салаларында мемлекеттік қызметті алды. Ақпараттық жүйелерге қашықтан мониторинг барысында қолжетімділік арқылы проактивті форматта 41 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді.
РКС: Қазір департамент мамандары кадрлық қызметтерге әдістемелік көмек көрсетіп, мемлекеттік органдардың ұжымдарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолға алды. «E-қызмет» жүйесінде сапалы жұмыс жүргізуге басымдық берілуде. Өйткені, болашақта конкурс рәсімдерінің тиімділігі дәл осы жүйенің сапасына тікелей байланысты болмақ. Бірінші тоқсанда Ақмола облысындағы пилоттық конкурстарға 253 үміткер қатысып, олардың 58-і лауазымдарға тағайындалды.
БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ