ДИКТОР: Биыл қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл. Атаулы датаға орай Салтанат сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхананың ұйымдастыруымен ерекше әдеби-танымдық шара өтті.

РКС: Кеш барысында қатысушылар Сәбит Мұқановтың шығармашылығы туралы терең ой қозғап, қаламгердің әдеби мұрасындағы гуманистік және патриоттық идеялардың бүгінгі ұлттық идеялармен үндестігін атап өтті.

СНХ: СӘБИТ ЖӘМБЕК, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Сәбит Мұқановтың барлық поэзиясы, прозасы, драматургиясы, жалпы енді сан қырлы ғой. Сәбит Мұқанов бір жағынан қаламгер, әдебиеттің барлық жанрында қызмет еткен, еңбек еткен, тер төккен. Сонымен қатар, қазақ әдебиетінде ғылыммен қатар әдебиет тарихы әдебиет тану салаларында еңбек еткен. Ол кісінің соқталы еңбетері бар үлкен-үлкен. Шоқанды арнайы зерттеді. Абайды зерттеді. Қазақтың салт-дәстүрлері этнографиясын зерттеді. Әдебиет тарихын зерттеді. Артынан көптеген еңбектер қалдырған. Кеш барысында осылардың бәрі талданып, талқылап айтылды.

РКС: Шараның басты мақсаты-жастарға Сәбит Мұқановтың бай әдеби мұрасын насихаттау, олардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Кітапханашылар оқырман назарына «алыптар шоғырының» белді өкілі болған қаламгердің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесіне шолу жасады.

СНХ: БАҚЫТЖАН АЙДОСОВА, САЛТАНАТ САРАЙЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ ҮЛГІЛІ КІТАПХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Жалпы бұл кісінің еңбегі, шығармашылығы жайлы көп дүние айтуға болады. Өйткені ол өзі бір кітапхана жазған жазушы. Ол барлық басынан кешкен бір дәуірдің өмірін қамтуға құлаш ұрған жазушы. Сондықтан бүгінгі келген жастар жазушы туралы көптеген жақсы ақпарат алады деген үміттемін

РКС: Қатысушылар жазушының шығармашылығы ешқашан өзектілігін жоймайтынын, оның мұрасы - жалпыадамзаттық құндылықтардың жарқын үлгісі екенін ерекше атап өтті. Шара соңында республикалық байқаулардың жүлдегері Аида Әбілқасым жазушының сөзіне жазылған әйгілі «Қазақ вальсін» орындап, кешке ерекше реңк берді.

ИНТЕРШУМ:

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ