ДИКТОР: Ғылым қызметкерлері күніне орай Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде салтанатты іс-шара өтті. Аталған жиынға облыс әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев қатысып, аймақ басшысының құттықтауын жеткізді.

РКС: Былтыр ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға, қолданбалы зерттеулерді ынталандыруға, сондай-ақ ғалымдарды әлеуметтік қолдауға бағытталған "Ғылым және технологиялық саясат туралы" заң қабылданды. Ғылым қазіргі әлемнің ең қозғаушы күші. Салтанатты шара барысында университет ректоры Марат Сырлыбаев ұжымды атаулы датамен құттықтап, ғылым саласында талмай еңбек етіп келе жатқан бірқатар ғалымның еңбегін атап өтті.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: БӘРИЯ ЖАХИНА, ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ: Жоғары оқу орынында істеген кейін міндетті түрде ұстаз ғылымды қатар алып жүру керек. Ұстаздықты да,ғылыми бағытты да. Кейде әртүрлі қиындықтар болып жатады. Дегенмен де ізденбеген,ғылыммен айналыспаған ғылымдағы болып жатқан соңғы жаңалықтарды білмеген, оны өзінің ұстаздық ілімінде, ұстаздық өзінің аудиториясында оны пайдалана алмаған ұстаз ұстаз емес. Мен бүгін ерекше бір марапатқа ие болдым.Ол менің туған тіліме сіңірген еңбегіме қатысты болып отыр. Әлі де алла ғұмыр беретін болса, күш-қайрат бойда болатын болса туған тіліме қызмет етемін деп ойлаймын.

РКС: Қазір өңірдегі білімнің қара шаңырағы аталған университте 425 оқытушы болса, оның 158-і ғалым. Олардың ішінде 45-і жас ғалымдар қатарында. 55 педагог-зерттеуші министрлік тарапынан гранттық жобаларды ұтып алған.

ДЛЯ РУСС.РЕД: СНХ: АЙГУЛЬ ЖАКУПОВА, ПРОРЕКТОР КОКШЕТАУСКОГО УНИВЕРСИТЕТА ИМ.Ш.УАЛИХАНОВА: Ежегодна в день науки,мы чествуем наших ученных которые за последние годы, за последние три года показали высркие достижения в своих научных исследованиях. И мы очень гордимся министерство науки высшей образований отмечает наших ученных, ведущих ученых,докторов,профессоров, молодых ученых которые удостаяваются высоких наград подведмственных наград министерство науки, нагрудные знаки, грамоты,дипломы. И конечно же включая всех наших ученых ректорскими благодарственными письмами денежными сертификатами показать что заниматся с наукой это очень актуально.Что это очень полезно.Что каждый ученый вносит вразвития страны, науку он чувствует что его наука нужна. Нужна в обществу,нужна в стране.

СНХ: ТАЛАПКЕР УӘЛИЕВ, ТАРИХ, ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫНЫҢ СЕНЬОР-ЛЕКТОРЫ: Ғылыми бәсекелестік өсуде. Және де жаңа толқында өздерінің ғылыми жаңалықтарымен көркейтіп жатыр ғылым арнасын.Атап айтқанда қоғамтану саласында да, жаратылыстану ғылымдарында да үлкен ғылыми жаңалықтар орын алуда. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та өз сөздерінде осы ғылым саласына ерекше көңіл аударып, президенттің ғылым саласына көңіл аударуы қатардағы бір жайт емес. Кез-келген өркениетті елдерде ғылым саласы, мәдениет саласы алдыңғы орында. Яғни ғылым саласы өз орнын талассыз алып отыр.

РКС: Сонымен қатар биыл жетекші ғалымдар арасында 75 мемлекеттік ғылыми стипендия бөлінген. Аталған стипендияның 25-і жетекші ғалымдарға, 50-і жас ғалымдарға арналған. Ғылым – бұл адамзаттың ертеңге деген үміті. Ол – тек өткеннің мұрасын сақтау емес, жаңа парақ ашуға деген ұмтылыс. Өткен жылдың үздік ғалымдары Төлеген Сейілханов, Нұрбек Игісін, Нұргүл Шүйішбаеваларға ақшалай сертификат табысталды. Сондай-ақ ғылыми жобалардың жетекшілері мен студенттік байқаулардың жеңімпаздарының еңбегі де атап өтілді.

ИНТЕРШУМ:

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ