ДИКТОР: Облыстағы мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қауіпті кезең басталды. Облыс аумағында 23 орман шаруашылығы орналасқан, олардың 13-і жергілікті атқарушы органдарға қарасты. Сонымен қатар 4 ұлттық парк бар. Орман қорының жалпы аумағы 1 миллион гектардан асады.
РКС: Былтыр өңірде 1 орман өрті тіркеліп, 3 гектарға жуық аумақ зақымданды. Сондай-ақ, 686 гектар алқапта қураған шөп жанды.
СНХ: ДОСБОЛ ЖАҚСЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: 2025 жылғы өрт қауіпті кезеңіне дайындық аясында табиғи өрттерді сөндіру үшін құрылған шоғырландырылған колонналар құрамына кіретін күштер мен құралдар айқындалды. Жоспарға сәйкес, жағдай күрделенген жағдайда ірі өрт ошақтарына 1 мыңнан астам адам жұмылдырылады, оның ішінде 262 бірлік техника және 6 өрт пойыздары қарастырылған. Сонымен қатар, елді мекендерде өрт қауіпті кезеңге дайындық ретінде мыңнан астам адамнан тұратын 210 ерікті өртке қарсы құрылым және 219 қызметкерден тұратын жергілікті атқарушы органдарының 51 өртке қарсы бекеттері дайындалды.
РКС: Жер үсті патрульдеу үшін өңірде 108 мобильдік топ құрылды. Оған облыстық төтенше жағдайлар департаментінің, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, жергілікті полиция қызметінің, сонымен бірге орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының 425 қызметкері кіреді.
СНХ: ДОСБОЛ ЖАҚСЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Өткен өрт қауіпті кезең ішінде аталған мобильдік топтармен 22 рейдтік іс-шара өткізілді, нәтижесінде 5 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 3 адамға ескерту берілді, 2 адамға шамамен 79 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Болжамды деректерге сәйкес, ағымдағы жылдың жазғы кезеңі ыстық және құрғақ болады деп күтілуде, бұл өткен жылғы шөптің ұзындығын ескере отырып, облысымыздың орман иеленушілеріне, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларына және тұрғындарға тағы бір мәрте өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау және орындау туралы еске салғым келеді.
РКС: Төтенше жағдайлар қызметі мамандарының айтуынша, мобильдік топтар мониторинг жүргізеді. Табиғат аясына демалуға шыққандар көп ретте заңды бұзады. Заңсыз от жағу жағдайлары анықталған кезде оларға қатысты әкімшілік іс қозғалады.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.