ДИКТОР: Ұстаз әрі бапкер, Бақтияр Жұмабеков ұзақ жыл Астрахан аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің филиалында еңбек етіп келеді. Ол еркін күрес және гір көтеру спортының талай саңлақтарын Республикалық және әлемдік жарыстарға үкілеп апарды.
ИНТЕРШУМ:
STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Аядай ғана қарапайым спорт залында күн сайын еркін күрес және гір көтеру спортының үйренушілері жаттығады.
РКС: Әлем чемпионатында топ жарған Меруерт Сүлейменова мен Жамбыл Оспанов та осы ұядай ғана орында тер төккен. Бір қуанарлығы олардың ізін жалғастырып келе жатқан ұрпақ желкілдеп өсіп келеді.
СНХ: БАҚТИЯР ЖҰМАБЕКОВ, ҰСТАЗ, БАПКЕР: Жуырда ғана еркін күрестен 15 жасқа дейінгі балалар арасында облыстық жарыс өтті. Осы бәсекеде бірнеше шәкіртім жүлдегер және жеңімпаз болды. Қазір олар оқу-жаттығу жиынында жүр. Өздеріңіз көріп тұрғандай мына шағын залда еркін күрес пен гір көтеру спортымен айналысатын жасөспірімдер бірге жаттығады. Қиындау әрине. Спортқа жандары құштар Жалтыр ауылының балалары дайындықты үзбей жүргізеді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: АРУЖАН СЕРІК, БАЛУАН: Мен еркін күресті өзім таңдап алдым. Ол менің жаныма жақын. Әсіресе еркін күрестің жылдамдықты қалайтын әдістері жаныма жақын. Мен 54 келіде күресемін. Бұл салмақта мықтылар көп. Бақтияр ағайдың ақыл кеңесінің арқасында әртүрлі жарыста жеңіске жетіп жүрмін.
РКС: Жалтыр ауылы жасөспірімдерінің жалықпай жаттығуы оларды жеңіске жеттелеуде. Олар күні ертең алыптардың ауылдан шығатынын дәлелдейді.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ