ДИКТОР: 5 жасар бала Көкшетаудағы 6-шы қабаттың терезесінен құлады. Дене жарақаты салдарынан бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды. Жазатайым оқиға кеше кешкі сегіздер шамасында Сарыарқа шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде орын алды.

СНХ: АЛМАГҮЛ ТҰРСЫМБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтауда. Құрметті ата-аналар, баланың терезеден құлап кетуіне байланысты жазатайым оқиғалар болдырмау үшін балаңыздың өмірін сақтау қалатын қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек екенін ұмытпаңыз. Ата-аналардың өз балаларына деген қырағы көзқарасы қайғылы жағдайдан аман сақтауға көмектеседі.

РКС: Жыл басынан бері еліміз бойынша балалардың терезеден құлауына қатысты 13 фактісі тіркелген. Соның 12-сінде бүлдіршіндер түрлі дене жарақатын алған.

СНХ: РҮСТЕМ ЖҮСІПБЕКОВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯСЫ КОМИТЕТІ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Құрметті ата-аналар! Жедел мәліметтері талдау көрсеткендей, балалардың терезелерден құлауы балалардың жарақаттарының ең көп таралған себептерінің бірі болып табылады. Бұл әсіресе қалалық жағдайда. Көктемгі жылудың басталуымен жазатайым оқиғалар қаупі артады. 7 жасқа дейінгі жас балаларының құлау қаупіне ұшырайды. Яғни, бала әлі ашық терезелер мен сенімсіз москит торларының қаупін бағалай алмаған кезде. Балалар – біздің болашағымыз және ең үлкен құндылық. Олардың қауіпсіздігі бізге байланысты. Құрметті ата-аналар, балалардың қауіпсіздігі тек сізге байланысты екенін ұмытпаңыз. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ