ДИКТОР: Облыста техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «WorldSkills Aqmola-2025» облыстық чемпионаты басталды. 11 колледжден 300-ден астам студент 65 құзіреттілік бойынша өз біліктіліктері мен шеберліктерін көрсетуде. Байқаудың алғашқы күндерінде Степногорск тау-кен техникалық колледжі мен Красный Яр көпсалалы инновациялық колледжінде 10 мамандық бойынша сайыстар өтті.
РКС: Осы аптада Красный Яр көпсалалы инновациялық колледжінде «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында WorldSkills облыстық чемпионаты өтті. Онда жас мамандар «Ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету» бойынша өз шеберліктерін көрсетті.
СНХ: ОРАЛ САҚТАҒАНОВ, ТЕХНИКАЛЫҚ САРАПШЫ: Біз әдістемелік орталықпен келісіп мынау заманауи 4 техникамыз қойып қойдық. Бірінші модульды көріп отырсыздар. Ол комбайн John Deere, дән тазартқыш ОВС-25 машинасы, шөпті қыздағыш машинасы және қартоп отырғазу машинасын қойдық. Сол бойынша облыстан 8 колледждан келіп, 8 студент жарысып отыр. Көбінесе, World Skills стандарртарға бойынша бәрі қойылған. Әрбір студенттің өз уақыты бар. Сарапшылар – өздерімен бірге келген оқыту шеберлері.
РКС: Қатысушылардың жұмысын бағалайтын сарапшылар қатарында колледждің әлеуметтік серіктестері мен арнайы өндіріс өкілдері бар. Бұл сайыс жұмыс берушілер үшін болашақ түлектермен кездесуге зор мүмкіндік. Снежана Синенко «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша ұлдармен қатар өз өнерін көрсеткен жалғыз бойжеткен.
СНХ: СНЕЖАНА СИНЕНКО, КРАСНЫЙ ЯР КӨПСАЛАЛЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Шындығына келгенде кімге қалай екенін қайдам, тапсырманың оңайы болған жоқ. Бірақ, мен аса қиналмадым. Өйткені көп жаттықтым. Еңбегім зая кетпейді деп ойлаймын. Мен үшін қызық болды. Мен үшін ауыл шаруашылығы саласы таңсық емес. Өйткені әкем, ағам, апайым осы салада еңбек етеді. Сондықтан мен де осы салаға барамын деп шештім. Қазір білім алып, техниканың қыр-сырын енді меңгеріп жатырмын. Болашақта агроном болғым келеді.
РКС: WorldSkills Aqmola-2025 чемпионаты облыс колледждерінде 23 сәуірге дейін жалғасады. Бұл сайыс қазіргізаманның өзекті талаптарын ескеретін кәсіби білім беруді дамытудағы маңызды қадамға айналмақ. Ал бұл жарыстан оза шапқандар республикалық және халықаралық турнирлерде облыс намысын қорғамақ.
ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ