ДИКТОР: Өткен демалыс күндері Бұланды ауданының Макинск қаласындағы су тасқыны жағдайы күрделі болды. Еріген су көшелерді, аулаларды басып, тіпті үйлерге де кірді. Су тасқынының алдын алу үшін облыстық маңызы бар автожолы қазылып, судың кедергісіз өтуі қамтамасыз етілді. Облыстық жедел штаб жұмыс істеп тұр. Құтқарушылар тәулік бойы жұмысын тоқтатпады.
РКС: Су тасқынына ауданында қардың күрт еруі, жауын-шашын мөлшері орташа айлық нормадан 169% - ке жоғарылауы себеп болды. Еріген су ағыны көшелердің шетінде орналасқан үйлерге кірді.
СНХ: ТАМАРА ШАКШИНА, МАКИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Су ас үйге кіре бастады. Мен бірден сорғыны қостым. Су одан да бетер көтеріле бастады. Сорғы көмектеспеді. Мен көшеге шығып, арыққа қапшықтарды тіздім, бірақ бәрі пайдасыз болды. Сорғы да көмектеспеді. Содан кейін төтенше жағдайлар қызметкерлерін шақырдық.
РКС: Су тасқынына қарсы іс-шаралар қаланың 12 учаскесінде өткізілді. Салдарын жою үшін Көкшетау, Қарағанды, Астана және Атбасар қалаларынан құтқарушылар келді. Сондай-ақ, Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанттары көмек көрсетті. Барлығы 319 адам, 86 бірлік техника, 30 мотопомпа, 5 өрт сорғы станциясы және 2 жүзу құралы жұмылдырылды.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІ: Қазіргі таңда былай халыққа қауып жоқ. Су ағылып отыр. Ал, мынау аулаларына, үйлеріне кірген суды құтқарушылар, мынау, өздерінің жедел қызметкерлер су сорып, соны шығарып, халыққа көмектесіп жатыр.
РКС: Қазір Бұланды ауданындағы су тасқыны жағдайы тұрақталды. Жергілікті атқарушы органдардың айтуынша, үйлеріне су кірген тұрғындар қолдаусыз қалмайды. Барлығы есепке алынады.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, АРДАҚ ТІЛЕУҚАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ