ДИКТОР: Наурызнама онкүндігі аясында бүгін ұлттық спорт күні аталып өтілді. Осыған орай 1 мыңнан астам көкшетаулық тоғызқұмалақ турниріне қатысты. Сайыс бір мезетте Көкшетаудағы бірнеше білім ошағында ұйымдастырылды.

РКС: Техникалық мектеп-лицейінде турнир оқушылар арасында өтті. Тоғызқұмалақ ойынында үздіктер қатарынан көрінуден үмітті 350-ге жуық бала жиналды. Солардың арасында 16-шы мектептің 8-ші сынып оқушысы Іңкәр Сәрсенбай да бар.

СНХ: ІҢКӘР СӘРСЕНБАЙ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ: Мен тоғызқұмалақты 5 сыныптан бастап ойнап келе жатырмын. Бұл ойын маған өте қызық. Және де қатты ұнайды. Менің ойымша ол ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан дәстүрлердің бірі болып есептеледі. Сондықтан да дәстүрлі ойындарды ойнау ол жақсы шешім.

СНХ: ТІЛЕГЕН АМАНГЕЛДІ, ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДІҢ ДИРЕКТОРЫ: 3-4 сыныптар арасында, 5-6 сыныптар арасында, 7-8 сыныптар және 9-10 сыныптардың арасында – төрт жаққа бөлінген. Мектептің үш спортзалында жарыстар өтіп жатыр. Тоғызқұмалақ ойыны өдеріңіз білесіздер ол үшің енді математикалық способностерін өте жақсы білу керек. Жаңағы амал-тісілдерді білу керек. Ол жай ғана жүріп қана қоятын емес, онда ойларын қозғалтады балалар. Өзіміздің ежелгіден келе жатқан ойын болғасын, осы тоғызқұмалақ алып отырмыз.

РКС: Интеллектуалды ойында бағын сынауға қаладағы әр мектепте білім алып жатқан оқушылардың ата-аналары да 20-шы мектеп-гимназияға жиылыпты. Осылайша олар балаларына үлгі көрсетті. Жалпы алғанда ұлттық спорт түрлері ересектермен қатар өскелең ұрпақтың арасында да танымал.

СНХ: АБЫЛАЙХАН ШӘКЕЙ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ: Балам 21 мектепте оқиды, 3 сынып. Тоғызқұмалақ сайысына соған көмек ретінде келдім, бірге ойнауға атсалысып. Тоғызқұмалақ ол жай ғана ойын емес отырып ойнайтын, оны ақылмен. Ол адамның ойын дамытады, ойлау қабілетін, математикалық жағынан. Келіп жатқан Наурыздарыңыз құтты болсын, ұлыс оң болсын.

РКС: Турнир соңында жеңімпаздар медальдармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды. Айта кетейік, ұлттық спорт түрлері ойлау қабілетін дамытуға, ойды сараптауға үйретеді. Нақты дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Оң моральдық және рухани қасиеттерді сіңіруге жәрдемдеседі.

ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ