ДИКТОР: Көкшетауда күні кеше ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын «Киелі кимешек» фестиваль-байқауының қорытындысы шығарылды. Этностильдегі бас киім киген қыз-келіншектермен қатар 70 жастағы әжелер де көпшіліктің назарына сән-салтанатымен алып шықты. Тілшіміз Нұрсәуле Мұратқызы баяндайды.

ИНТЕРШУМ:

STAND-UP:НҰРСАУЛЕ МҰРАТ, ТІЛШІ: Қайырлы күн, құрметті студия қонақтары, қайырлы күн әріптес! Дәл қазір біз Көкшетау қаласында «Ақ кимешек» байқауының қорытындысына келіп тұрмыз. Бүгінгі байқауда 29 жұп өз өнерін көрсетуде. Бұл «Ақ кимешек» байқауында өз қолдарынан шыққан , түрлі үлгідегі кимешектер ұсынылатын болады. Бұл шара бір күндік іс-шара емес. Ертең Алла жазса, үлкен алаңда өңіріміздің аудандарынан өз үлестерін қосқалы отырған 2 мыңға жуық қыз-келіншек қатысатын «Ақ кимешек, киелі кимешек» шеруі өтпекші. Қазір менің жанымда Ұлжалғас апайымыз тұр. Осы байқауға қатысып тұрған ең үлкен жастағы апамыз. Апамыздың үстінде бүгін керемет күмбезі күнмен астасқан , керемет кимешек тұр екен. Бұл кимешекті жасауға қанша күн уақыт кетті, апай. Кимешектің атауына тоқталып өтсеңіз.

СНХ: ҰЛЖАЛҒАС ҚАРЫМСАҚОВА, ЕҢ ҮЛКЕН ЖАСТАҒЫ ҚАТЫСУШЫ: Бұл кимешек «Асыл мұра» деп аталады. Бұл ата-бабамыздан келе жатқан біз кестемен тоқылған кимешек. Оған 10 күн уақытым кетті. Мен Көкшету тұрғындарын келесі болатын «Аналар шеруіне» шақырамын. Бәріміз атсалысып., өмірде болмаған жақсы естеліктер болады. Соған «Аналар шеруіне» келуге кқкшетаулықтарды шақырамын! Кимешек басымыздан түспесін, кимешек күні құтты болсын!

РКС: Ақ жаулықты аналар арасында өткен байқауға әр қатысушы өз қолынан шыққан тың туындыларын көрерменге таныстырды. 29 шебер өз жұмысын ұсынды. Жалпы сайысқа жергілікті тұрғындармен қоса есептегенде 150-ге тарта адам қатысты. Ұлттық нақыштағы киімдерден дефиле қалың көрермен тарапынан қызу қолдауға ұласып жатты. Аналардың бас киімді кию әдісі мен шығу тарихы, жасалу жолдары туралы құнды деректермен бөлісті.

СНХ: ҒАНИЯ МАХМЕТ, ЕҢ ЖАС ҚАТЫСУШЫ: Бүгін киелі кимешек байқауына қатысуға келдім. Өзімнің үстінде кимешек шым кимешек деп аталады. Бұл кимешектің ерекшелігі қолкестемен негізгі түстері алып, тіктім. Осы байқаудағы ең жас қатысушысымын, жасым 40-та.

РКС: Қатысушылардың бірі сән-салтанатын жарастырып әнмен шықса,бірі ерекше күйдің сүйемелдеуімен кимешектерін таныстырып шықты. Шеберлік байқауында шылауыш ораумен қатар, кимешектің түрлері көрерменге таныстырлды. Кимешектер ішінде киізден,түрлі матадан және тоқу арқылы жасалған түрлі үлгідегі кимешектер ерекше таңданыс тудырғаны анық.

СНХ: ГҮЛНӘР ҚАПАЛБАЕВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ: Мен былтыр осындай уақытта кимешек сатуға орталық аштым.Орталық базарда,кәдімгідей. Өзіміздің қазақи құндылығымызды көтеру үшін, дәстүрімізді жаңғырту мақсатында біздің қазақ еліміздің осы кимешек кимешек үлгісін көрсету мақсатында орталық базардан орын алып,осы кимешек сатуды бастағанмын. Қазіргі таңда осы қыз-келіншектер кимешек кигеніне өте қуаныштымын. Қазіргі болып жатқан іс-шара өте керемет! Біздің еліміздің, жұртымыздың және де өзіміздің қазақ деген рухымыз көтеріліп, өте қуаныштымыз.

РКС: Байқаудың бас жүлдесін 66 жастағы қолөнер шебері Ұлжалғас Қарымсақова алды. Бірінші орын Ақадыр ауылынан келген қолөнерші Армангүл Мәлікке бұйырды. Айта кетейік, ертең 2 мыңға тарта ақ жаулықты «Киелі кимешек» шеруіне қатысады. Осылайша олар Гиннестің рекордтар кітабына енуді жоспарлап отыр.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ