ДИКТОР: Красный Яр ауылында орналасқан ипподромда асыл тұқымды иттер арасында – тазылар жарысы өтті. Бұл шара ұлттық спорт күніне орайластырылып ұйымдастырылды. Жыл басынан бері өтіп отырған алғашқы ашық чемпионат. Еліміздің әр түкпірінен келген қатысушылар тазыларының ептілігі мен ұшқырлығын көрсетті.
РКС: Жеті қазынаның бірі болып саналатын тазы - қазақ халқының байлығы. Ашық чемпионатта 90-ға жуық тазы 3 санат бойынша бақ сынасты. Асыл тұқымды иттердің жүйріктігін сынау үшін тазылар 15 рет 400 метр қашықтықта жүгірді. Құмай тазылар алдымен олжасын тартып алуы керек. Тазы иттер шапшаң, алғыр, жүйрік болады. Олардың бойында аңшылық инстинкт жақсы дамыған.
СНХ: АРДАҚ ТӨЛЕНДИН, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бүгін мына ұлттық спорт түрлерін аясында шырға тартудан Красный Ярда ипподромад осындай жарыс өтіп жатыр. Жарысқа Қарағанды командасы, Астана командасы қатысып жатыр. Жарыс жақсы деңгейде өтіп жатыр. Жақсы конкуренция бар. Сол енді болашақта осындай жарыстарымызды Ақмола облысында көбірек өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Осындай жарыстар бүгінгі күні жақсы қызығушылық білдіріп жатыр. Көптеген командалар келіп жатыр. Барлық жарыстарымыз жақсы өтсін. Бүгінгі мейрам ұлттық спорт түрлері күні құтты болсын!
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ЕЛЕНА САДОВСКАЯ, «АФИНА» КӨКШЕТАУ КИНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Жарыс жақсы деңгейде өтті. Барлық тазылар керемет! Аңшылық және спорт – осы бүгінгі күннің жаршысы. Сондықтан барша тазы баптаушыларды бүгінгі мерекемен құттықтаймын!
РЗК: Тазы иелері жарысқа мұқят дайындалған. Сайыс қорытындысы бойынша 1-ші орынға Айбек Ысқақ, Ахмет Машарупов және Шыңғыс Қалижановтың тазылары лайық деп танылды. Барлық жүлдегер – Көкшетау қаласынан.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ